KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886808
2019 жылы:  20523
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.11.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Константин Симоновтың 100 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.   

   Константин Михайлович Симонов – орыс, совет жазушысы  1915 жылы 28 қарашада Петроградта (қазіргі Санкт-Петербург), әскери отбасында дүниеге келген. Ол өгей әкесінің - әскери училищенің мұғалімі тәрбиесінде болған. Балалық шағы  Рязаньда және Саратовта  өтті. 1930 жылы Саратовтағы  жеті жылдықты аяқтаған соң,  токарлық оқуға барды. 1931 ж. оның отбасы Мәскеуге, Симоновқа қоныс аударды,  фабзавучтың дәлдік механикасын бітіріп,  зауытта жұмыс істеді. Сол  жылдары   өлең  жаза бастады, 1936 жылы «Молодая гвардия»  және «Октябрь»  журналдарында  алғаш рет басылып шықты. 1938 ж. Әдебиет институтын  тәмамдап,  Тарих, философия, әдебиет институтының  аспирантурасына түсті, бірақ 1939 ж. Монғолиядағы Халкин-Голға әскери тілші ретінде  жіберілді. 1940 ж. өзінің «История одной любви» атты алғашқы, ал 1941ж.  – «Парень из нашего города» атты  екінші пьесасын жазды. 
   Соғыс басталысымен  әскерге шақырылды, «Боевое знамя», «Красная Звезда» газеттерінде жұмыс істеп, әскери мақалалар жазды. Соғыс жылдарында «Русские люди» пьесасы, «Дни и ночи» повесін жазды. Соғыс жылдарындағы  лирикалары  – «Ты помнишь, Алёша, дороги Смоленщины...» және «Жди меня» (1941 ж.) өлеңдері, сонымен қатар  «С тобой и без тебя» (1942 ж.) жинағы оны танымал етті.  Соғыстан кейін, ол көптеген  шетелдік  іссапарларда - Жапония, АҚШ, Франция, Қытайда болды.
   Оның алғашқы «Товарищи по оружию» романы 1952 жылы, содан кейін «Живые и мёртвые» (1959 ж.) үлкен кітабы жарыққа шықты.  1963-1964 ж.  «Солдатами не рождаются» романы, 1970-1971 ж. романның  «Последнее лето» атты жалғасы шықты. 
   К.М.Симонов үлкен қоғамдық жұмыстарды жүргізді, 1954 жылдан 1958 жылға дейін «Новый мир» журналының бас редакторы, ал 1950-1953 ж. «Литературная газета»  бас редакторы болды.
  
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан К.М. Симоновтың шығармалары мен  ол туралы  орыс, қазақ, өзбек және ұйғыр тілдерінде әдебиеттер ұсынылған.

                                                                                                                                                      
    

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование