KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060729
2019 жылы:  126264
бүгiн:  134
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.12.2015

   2015 жылғы 2 желтоқсан, сағат 11.00-де Көрмелер залында ұшқыш-ғарышкер, «Халық қаһарманы» Айдын Айымбетовпен кездесу өтті.

   Айдын Айымбетов әлемнің 545-ші космонавты. Үшінші қазақ ғарышкері «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінде 2-ші бортинженері ретінде 2 қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақытымен сағат 10.30 көкке көтерілді. Жерлесіміз ғарышта 9 тәулік, 20 сағат, 13 минут, 51 секунд болды. Экипаж құрамында Айдын Айымбетовпен бірге ресей ғарышкері Сергей Волков пен еуропалық Андреас Могенсен болды. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халық қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» жоғары дәрежелі атақтарын беріп, Алтын жұлдыз бен Отан ордендерімен марапаттады.
   Кездесуді жазушы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар жүргізді.
   А.Айымбетовтың өмірі мен еңбегіне арналған газеттер көрмесі ұйымдастырылып, ғарышқа ұшуы туралы  видеоролик көрсетілді.  
  Сөз сөйлегендер: А.Айымбетов, Ж.Бөдеш, Б.Жақып, С.Оразалы, А.Қошанов, Қ.Түменбаев, Б.Сарбалаев, Ә.Смағұлұлы және т.б.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, кітапханашылар, БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
 
  
   
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование