KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060879
2019 жылы:  126414
бүгiн:  284
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.12.2015

   2015 жылғы 3 желтоқсан, сағат 15.00-де Көрмелер залында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен  Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде өткізілді.
   Жобаның басты мақсаты - халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің  мәтіндердегі бейнелену барысын, ұлттық колоритін сақтай отырып  қағаз бетіне түсіру, яғни сөзбен салынған бейнені бояумен салынған бейнеге айналдыру.
   Дөңгелек үстелде суретшілердің жоба авторлары тарапынан ұсынылған мәтінді басшылыққа ала отырып, әр мифтік бейненің өзіндік ерекшелігін сақтай келе, халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына сәйкес салған суреттері талқыға түсіп, ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес жеңімпаздар анықталды.
   Қазақ фольклорындағы кейіпкерлерді біріздендіру мақсатында ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелдің жұмысына  фольклортанушы және дінтанушы ғалымдар, суретші – аниматорлар, зиялы қауым өкілдері, балаларға өнім шығаратын барлық ұйымдар  қатысты.
   Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

   Кездесуді жазушы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар ашып, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Бижомарт Қапалбек жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: З.Сейітжанов, Н.Намазбеков, П.Әуесбаева, Ш.Шортанбаев және т.б.

  

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование