KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060875
2019 жылы:  126410
бүгiн:  280
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.12.2015
   2015 жылғы 10 желтоқсан, сағат 10.00-де Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Кітаптағы графикалық дизайн» кітап көрмесінің ашылуы және «Кітап және оның бүгінгі көркемдік безендірілуі» атты дөңгелек үстел өтті.
 
   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Киізкітап» Қазақстан суретшілері -  кітап графиктерінің бірлестігі.
 
   Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы - кітаптың қазіргі безендірілуіндегі Қазақстан суретші-графиктерінің жетістіктерін, сондай-ақ, дизайнерлік шығармашылықтың барынша табысты әрі келешек бағыттарын талдау болмақ.
   Қазақстандық суретшілердің және кітап дизайнерлерінің жетістіктері мен жаңашылдықтары «Кітаптағы графикалық дизайн» көрмесінде оқырмандар мен кітапханаға келушілердің назарына ұсынылады.

   Аталған шара Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына жаңа шабыт береді, келешек қазақстандық суретшілер мен дизайнерлердің шығармашылық өсуі үшін негіз болады, қазақстандық мәдени өнімнің алға жылжуына үлес қосып, жас таланттардың шығармашылықтарының шыңдалуына және өнердегі ұлттық дәстүрді сақтауға түрткі болып, ынталандырады.
 
   Қатысушылар: Қазақстан суретшілері мен дизайнерлері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, кітапханалар қызметкерлері және Алматы қаласындағы оқушы жастар,  БАҚ өкілдері.
 
    Іс-шараны жазушы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Б.Оспан, А.Хакімжанова, Т.Көпбаев, М.Құлкенов, Б.Серікбай, Е.Оспан, Ғ.Тәшімбай және т.б.

   Қатысушылар: суретшілер, дизайнерлер, баспа мамандары, шығармашылық интеллигенция өкілдері, Алматы қаласы кітапханаларының қызметкерлері және оқушы жастар, БАҚ өкілдері.

  

  

 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование