KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909401
2019 жылы:  43116
бүгiн:  290
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.12.2015

   2015 жылғы 9 желтоқсан, сағ.15.00-де Үлкен залда композитор Әбілахат Еспаевтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Әбілахат Смағұлұлы Еспаев Қостанай қаласында дүниеге келген. Оның ең алғашқы шығармасы - «Туған ел» әні, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сапақовтың өлеңіне 1942 жылы 17 жасында жазылған болатын. Ә.Еспаев 17 жасында өз еркімен майданға аттанып, майданда жарақат алады. Табиғатынан зерек, білімге құштар жігітті Могилев қаласындағы жоғары әскери училищеге оқуға жібереді. Оны 1945 жылы үздік бітіріп шығады. Соғыстан кейін С.Мәуленовтың сөзіне «Днепр туралы әнін» жазды.
   1948 жылы әскерден оралған жас офицер мектепте мұғалімдік қызмет атқарады. 1951-1953 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқиды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды.
   Ә.Еспаев негізінен, ән, романс, баллада жанрларында жұмыс жасады. Халық арасында оның: «Маржан қыз», «Аққуым», «Ақ сәуле», «Қазақ частушкасы», «Шофер келді қырманға», «Қыз қуу», «Бейбітшілік сақталады», «Республика туралы жыр», «Торғай толғауы», «Жангелдин отрядының әні», «Солдат сәлемі», «Толқиды Тобыл», «Сағыныш екен бала кез», «Өзің де жігіт, қызықсың», «Қыз әзілі», «Жігіт жауабы», «Ұстазым менің, ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым», «Орамал» және т.б. әндері кең таралды.
   Ә.Еспаев 240-қа жуық әндер мен романстардың, 8 спектакльге жазылған музыкалардың авторы. С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда», Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» спектакльдері және И.Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасы бойынша радиоқойылымға, сондай-ақ, «Еңлік-Кебек» телефильміне музыка жазды.
   «Әндер», «Ортеке», «Ақсәуле», «Үйлену кешінде», «Аққуым», «Алтын астық тойында», «Құрдастар», «Ұстазым менің, ұстазым» сияқты бірнеше ән жинақтары жарық көрді.
   Ә.Еспаев бірнеше республикалық ән байқауларының, бүкілодақтық байқаулардың лауреаты атанды (Ж.Жабаевтың сөзіне жазылған «Одағым – бақыт ордасы» әні үшін, 1972 ж.). Ә.Еспаев әндері қазақ ән өнерінің алтын қорына енген.
 
   Іс-шара аясында кітапхана қорынан Ә.Еспаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Ән сұлтаны - Әбілахат» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешке композитордың туыстары, ақындар: М.Шаханов, С.Тұрғымбеков, музыкатанушы А.Телғозиев, әншілер: ҚР халық әртісі Н.Нүсіпжанов, С.Нұрмағамбетова, С.Медеуов, Д.Маханбаева, М.Тоқашбаев, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және т.б. қатысты.
 
  
 
  
 
 
 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование