KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886461
2019 жылы:  20176
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.12.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаевтың 100 жылдығына арналған «Ұстаз, ғалым, тәлімгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қордабаев Төлеубай Рақымжанұлы 1915 жылы 12 желтоқсанда Семей облысының Абыралы ауданында туылған. Өзінің еңбек жолын 1935-1939 жж. Жамбыл облысының және Алматы қаласының мектептерінде мұғалім болып бастады. Кейін Ақтөбе облысында Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында қызмет атқарды.
   1940 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген соң (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) Монғол Халық Республикасына (МХР)  жіберілді. 1940-1946 жж. Баян-Өлгей аймағында, 1946-1949 жж. Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, 1949-1962 жж. Қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), Алматы Жоғарғы партия мектебінде кафедра меңгерушісі, 1962-1967 жж. Қазақ КСР ҒА Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, 1968-1993 жж. Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды.
   Ол қазақ тілінің тарихи синтаксисін, мақал-мәтел және поэзия синтаксисін, тіл графикасы мен орфографиясын, лексикасы мен лексикографиясын, морфологиясын және әдеби тіл мен тіл мәдениетін, жалпы тіл білімі мәселелерін зерттеп, бірнеше еңбектер жазды.                  
   Т.Қордабаев 10-нан астам оқулықтың, ғылыми-зерттеу еңбектердің, «Ана тілі» (1947), «Тіл білімінің кейбір мәселелері» (1955), «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (1961), «Тарихи синтаксис мәселелері» (1964), «Тілдің структуралық элементтері» (1975), «Жалпы тіл білімі» (1983), «Түркология және қазақ тіл білімі» (1984), «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы» (1985)  монографияларының авторы.
   Т.Қордабаев – тіл маманы, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976). Еңбек Қызыл Ту, «Алтын ғадас» (Монғолия) ордендерімен наградталған.
 
   Қордабаев Төлеубай Рақымжанұлы  2000 жылы 27 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болды.
 
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері, монографиялары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование