KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886531
2019 жылы:  20246
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.12.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған «Шертпе күйдің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тәттімбет Қазанғапұлы - күйші-композитор, домбырашы, «шертпе» жанрындағы күйлерді орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық аспаптық музыканың классигі. Домбырашылық өнері арғы аталарынан дарыған. Алғаш домбыра тартуды Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді, анасы Ақбөпе де өнерге баулиды. Тәттімбет ел ішіндегі күйші-домбырашыларды көріп, олардың үздік орындаушылық өнерінен тәлім алады, домбырашы болып, күйлер шығаруға талпынады.  Өсе келе өнері толысып, Сарыарқа өңіріне есімі мәлім күйші атанады. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Ол - «Қосбасар» (бірнеше нұсқасы), «Сары жайлау», «Теріс қақпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бестөре», «Азамат», «Боз торғай», «Боз айғыр», «Ерке атан», «Қара жорға», «Балбырауын», т.б. күйлердің авторы. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыңарлары мен сезім толғауларын аңғартады. Тәттімбет негізінен, лирикалық композитор. Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы - «Көкейкесті» күйі. Бұл күйді Тәттімбет өмірінің соңғы жылдарында шығарады. Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз  інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н. Шынтеміров, Ғ.Айтбаев және т.б.
   Тәттімбет өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күйшінің стильдік ерекшеліктерін сақтап, күй тарату мектебіне айналды. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін орындап, насихаттаушы кәсіби домбырашылар: Ә. Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов. Қазақ композиторларының камералық аспаптық, симфониялық, опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері қолданылды. Мысалы: Е.Брусиловскийдің «Қыз Жибек» операсында «Былқылдақ», «Қос басар»; «Жамбыл» фильмінде «Сары жайлау» күйлері пайдаланылды.
   Күйшінің туған жері – Егіндібұлақтағы халық аспаптар оркестріне, Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеге, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы халық ансамбліне Тәттімбеттің есімі берілді. Тәттімбеттің құрметіне Алматы қаласында көше атауы берілді.
 
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование