KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886465
2019 жылы:  20180
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.12.2015

   2015 жылғы 9 желтоқсанда  Көрмелер залында  «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы - 2015» бағдарламасы аясында Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан Ислам әлеміндегі ұлы ғалымдар еңбектерінің кітап көрмесі  ұйымдастырылып, республиканың облыс мешіттерінің  имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

   2015 жылы Алматы қаласы – Ислам мәдениетінің астанасы болып белгіленді. Алматы қаласы Қазақстанның ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы,  рухани мәдениеті жоғары дамыған инфрақұрылымы бар ерекше мәртебелі қала ретінде Еуразиялық құрлықтың орталығы болып табылады. Қала тарихы Жетісу арқылы ұлы сауда жолдарын, әлемдік өркениет пен мәдениетті тоғыстырушы, әсіресе мәдени-рухани құндылықтарымен, салт-дәстүрлерімен, діни наным-сенімдерімен, ғылыми және техникалық жетістіктерімен ерекшеленетін Қытайды Византиямен, Шығысты Батыспен байланыстырушы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан әлем мәдениетінің жаһандану үрдістерінің куәсі екенін баяндайды.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан XII-XVIII ғғ. көне қолжазба Құрандар, Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметтері» (XVIғ.), шығыс ақындары Низами, Навои, Сағди, Хафиз, Жәми, Физули және т.б. ислам діні бойынша және поэтикалық жанрдағы шағатай, араб және парсы тілдеріндегі қолжазбалары орын алған.
Көрменің тарихи-мәдени және танымдық маңызы өте зор. Көрме ғалымдар мен зерттеушілерге бұрынырақ ғалымдардың тек шағын тобына ғана қолжетімді болып келген жазба мұралардың баға жетпес раритеттерімен танысуына мүмкіндік береді.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапхананың бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры, Төле би мешітінің бас имамы Кенжеәлі қажы Мырзабаев жүргізді. Ислам институтының оқытушысы Әбдіжәміл Оразымбетов сөз сөйлеп, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің меңгерушісі А.Б.Бекполатова көрмеге шолу жасап, ұсынылған жазба құндылықтарымен таныстырды.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование