KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886812
2019 жылы:  20527
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2015

   2015 жылы 20 қарашада Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжінде қазақтың суырыпсалма ақыны  Сүйінбай Аронұлының (1815-1898) 200 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Айтыс өнерінің асыл діңгегі» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Жетісу облысы Верный уезінің Ұзынағаш болысында (қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданының Сүйінбай атындағы кеңшары) дүниеге келген. Суырыпсалма ақын өзінің ойшыл өлеңдерінде, сюжеттік ақындық дастандарында қарапайым халықтың мұң-мұқтажын, ғасырлық армандарын жан-жақты көркем бейнеде суреттеді. Оның барлық саналы өмірі, таусылмас айтқыштық қасиеті еңбек адамының мүддесіне қызмет етті. Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең алдымен, терең философиялық тұжырымдарымен, ой сұлулығымен, тіліндегі эстетикалық бағыттылықпен және әшекейлікпен ерекшеленеді.
   Сүйінбай Аронұлы өзінің шығармаларында адам мінез-құлқының түрлі қырын ашып, оның ішкі, психологиялық көңіл-күйін, жеке басын, оның моральдық және рухани қасиетін көрсетті. Ақынның психологиялық-педагогикалық, эстетикалық ойлары оның «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Егер әділет орнаса», «Бөрлі менің байрағым» және т.б. лирикалық өлеңдері мен поэтикалық ой-толғамдарында терең және көрнекі түрде көрініс тапқан.
Сүйінбай Аронұлы Қатаған, Тезек төре, Жантай, Қатарбай, Тәттіқыз, Уәзипа ақындармен айтыстары арқылы белгілі. Айтыстарға қатысу арқылы Жетісуға әйгілі ақын болды. Оның шығармашылығында «Өтеген батыр», «Қарасай батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр» және т.б. эпостық шығармалар маңызды орын алды. Сүйінбай ақынның дарқан суырыпсалма ақындық өнерін, ән айтудағы үздік дәстүрін Жамбыл Жабаев бастаған дарынды шәкірттері жалғастырды. Сүйінбай мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі Мұхтар Әуезов оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.
   Ақынның жеке шығармалары орыс тіліне аударылып, «Кәрілік» және «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» өлеңдері «Қазақ поэзиясының антологиясына» (Мәскеу, 1958), «Үмбетәліге», «Тезек төреге айтқаны» − «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағына енген.  «Кәрілік» атты өлеңі «Әлем әдебиетінің кітапханасы» (Мәскеу, 1977) 200 томдығының 102-ші томына енді. 
   Ақынның есімі оның туған ауылына, мектепке, Алматы облыстық филармониясына берілді. Туған жерінде Сүйінбайдың кесенесі тұрғызылып, оның алдына мүсіні орнатылды және Сүйінбай  мұражайы ашылды. Талдықорғанда ақынға қола ескерткіш тұрғызылды, республика қалаларының көшелеріне оның есімі берілді. Алматы қаласындағы қала орталығынан әуежайға дейін созылған үлкен даңғыл ақынның есімімен аталды. 1993 жылғы үлгідегі 3 теңгелік банкнотта Сүйінбай бейнеленген.

  Кітап көрмесінде суырыпсалма ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование