KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886519
2019 жылы:  20234
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2015

   2015 жылғы 22 желтоқсан, сағат 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен жасалған Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе Web-РАБИС – жаңа отандық бағдарламалық өнімнің тұсаукесері өтті.

    Ондаған жылдар бойы қалыптасқан қазақстандық кітапханалар жүйесі тәуелсіздік жылдарында оң нәтижеге қол жеткізді. Кітапханалар Қазақстандағы экономиканың, әлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас өркендеуінің маңызды факторы болып табылатын  мәдени орта құруға және қоғамның ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға белсенді атсалысады. Елдің кітапханалық жүйесін дамытудың келешектегі бағыты – жаңа технологиялар мен бағдарламаларды енгізу, бұл кітапханалық үдерістерді автоматтандыру, өзінің ғылыми және білім беру мақсатындағы жеке цифрлық ресурстарын жасау, электрондық топтамаларды, өзінің жеке генерациясының мәліметтер қорын жасау, желілік ресурстарды пайдалану, сирек басылымдарды цифрлау болып табылады.
    1989 жылы Ұлттық кітапханасы автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесін (АБИС) жасап, қолданысқа енгізді. 1992 жылдан Ұлттық кітапхана қазақстандық кітапханалар технологияларының ерекшеліктеріне бағдарланған және ұлттық стандарттардың, дәстүрлердің, сондай-ақ тілдің талаптарына негізделген республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесін (РАБИС) енгізді. Бүгінгі таңда, РАБИС бағдарламасы 723 кітапхананы бірыңғай компьютерлік желіге біріктірді. Қолданыстағы көпжылғы тәжірибе РАБИС-тың осыған ұқсас кітапханалық бағдарламалардан ешқандай кем түспейтінін, лайықты жүйе екенін көрсетті. Осы уақыт ішінде ҚР Ұлттық кітапханасының өзінде 3 млн. астам библиографиялық сипаттаманың мәліметтер қоры жасалды. Бұдан өзге, кітапханада толықмәтінді ақпараттың 516 Гбайтта толықмәтінді контенті құрылды.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген мәдениет саясатын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлттық кітапханасы 2015 жылы Web-РАБИС жаңа бағдарламасын қолданысқа жіберді.
    Web-РАБИС жаңа бағдарламалық өнімінің мүмкіндіктері кең, бұл авторитеттік файлдарды құру және жүргізу, берілген сызба бойынша және қажетті көмекші көрсеткіштердің бар болуымен библиографиялық көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыру. Web-РАБИС пайдаланушыға құжаттардың толық мәтінімен және жер шарының кез-келген нүктесінен олардың аудио-бейне-Интернет қосымшаларымен жұмыс істеуге, мобильді құрылғы арқылы электрондық каталогтарды қарауға мүмкіндік беретін толықмәтінді және гипермәтінді мәліметтер қорын құруды қолдайды.
    Оқырмандарға ақпаратты шығару үшін компьютермен жұмыс істеуге машықтануды аса талап етпейтін қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс жасалған. Қажет ақпаратты жылдам және ауқымды іздеу барлық электрондық каталогтар және библиографиялық сипаттама элементтері мен олардың үйлесуі бойынша жүргізіледі. 
   Web-РАБИС бағдарламасына бес модуль кіреді, олар: «Кітап қорын толықтыру»,  «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».
    Бағдарламаға Java технологиясын пайдалана отырып, MySQL-дан бастап Oracl-ға дейін Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі демеу көрсетеді (МҚБЖ).  

   Тұсаукесерді Ұлттық кітапхананың Бас директорының бірінші орынбасары Б.К.Оспанова ашып, әлемдік ақпараттық ресурстар көлемінің тұрақты өсу жағдайында  пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын көтеру қажеттігін атап өтті.  Web-РАБИС бағдарламасын жасаған Ұлттық кітапхананың инженер-программистері Е.Б.Сапарғалиев пен Ш.Р.Айсаровты таныстырды. 
   Е.Б.Сапарғалиев Web-РАБИС жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстырды, сондай-ақ, жүйедегі бес модульдің жұмысын іс жүзінде көрсетті. 
   Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі А.Ш.Сәйдембаева Ұлттық авторитеттік файлдар туралы қысқаша ақпарат берді. Авторитеттік файл сәйкестендірудің мықты құралы болып табылады, ішінде анықтамалық мәліметі бар, оқылудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Мәліметтер қорын жүргізу кезінде оларды пайдалану тек ыңғайлы ғана емес,  сонымен қатар,  пайдалы, библиографиялық сипаттама жасау уақыты анағұрлым қысқарады, осы арқылы каталогтаудағы стандарттау деңгейі жоғары дәрежеге көтеріледі.

   Тұсаукесерге Алматы қаласының және Алматы облысының кітапханашылары қатысып, олар Web-РАБИС бағдарламасына және авторитеттік файлдарды қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстарға жоғары баға берді.  

    

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование