KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886445
2019 жылы:  20160
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында көрнекті философия ғалымы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Досмұхамед Кішібековтің 90 жылдығына арналған «Алғыр ойдың иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлы 1925 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 1943 жылдан 1946 жыл аралығында Кеңес әскері қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысушы.
   1948 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітірді. 1948-1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының марксизм-ленинизм негіздері кафедрасының оқытушысы. 1949-1953 жылдары КСРО ҒА философия институтының аспиранты. 1953-1964 жылдары ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, кейін  философия кафедрасының менгерушісі. 1964- 1996 жылдары қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) философия кафедрасының менгерушісі. 1996 жылдан қоғамдық тәртіп кафедрасының профессоры.
   1953 жылы наурызда КСРО ҒА-ның Философия институтында «Қала мен ауыл арасындағы қарама-қайшылықты жою» тақырыбында диссертация қорғады. «Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды социалистікке алмастыру заңдылықтары туралы» монографиясы осы аталған мәселені зерттеуге елеулі үлес қосып, оның докторлық диссертациясына (1965) негіз болды.
   1972 ж. Д.Кішібеков ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды, 1974 ж.- ҚазКСР жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, 1996 ж.- Қазақстан жоғарғы мектебінің академигі, 2000 ж.- құрметті профессор, 2003 ж.- ҚР ҰҒА-ның академигі.
   Д.Кішібеков 700-ден аса жарияланымдардың: мақалалар, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Ғалым көшпенді өркениетті, оның адамзаттық қоғамның даму тарихындағы орны мен рөлін бірінші болып зерттеді. Оның ғылыми қызығушылығы әр түрлі: ол көшпелі қоғамның генезисін зерттейтін тарихшы; елдегі саяси идеологияны қалыптастырудың өткір мәселелерін көтеретін философ; қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрін зерттейтін этнограф. Осылармен оның болмысының санқырлылығы және халқына деген шынайы махаббаты пайда болды. Ол көптеген халықаралық және республикалық ғылыми конгрестердің, симпозиумдар мен конференциялардың қатысушысы.
    Ғалым қызметінің маңызды тұсы ғылыми кадрларды даярлаудағы белсенді жұмыстары болып табылады. Оның жетекшілігімен 18 кандидаттық және бес докторлық диссертация қорғалды.
   Ғылым саласындағы еңбегі үшін Д. Кішібеков «Халықтар достығы», (1985), «Құрмет» (2011) ордендерімен, КСРО-ның жеті медалімен, оның ішінде «За победу над Германией в Великой Отечественной войне» (1941-1945) гг. «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения В.И. Ленина» (1970) медальдарымен марапатталды.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан  ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның монографиялары, ғылыми еңбектері, кітапшалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!  
    

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование