KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060661
2019 жылы:  126196
бүгiн:  66
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.12.2015

   2015 жылғы 18 желтоқсан, сағ.11.00-де Көрме залында жыршы, фольклортанушы ғалым Б.Жүсіповтың «Қазақстандағы этностардың мәдени мұралары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 Қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында белгілі фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтің «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалы-энциклопедиялық, ғылыми-танымдық еңбегі жарық көрді.
   Музыкалық антологияға Қазақстанда тұратын жүзден астам этностардың әндері мен аспаптық мұраларының таңдаулы үлгілері енген. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырылған ұлтаралық сипатымен ерекшеленетін басылым отандық ғылымның ұлттық өнертану саласында алғаш рет жарыққа шығып отыр.
   Басылым екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім халық шығармашылығы жанрларымен таныстыра отырып, әрбір этнос сазының төлтума болмысын, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Екінші бөлімдегі 28 CD таспаға музыкалық фольклордың таңдаулы үлгілері топтастырылған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, құрастырылған музыкалық антология көпшілік оқырман мен тыңдарманға арналған.

  

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование