KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886452
2019 жылы:  20167
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2015
   2015 жылғы 24 желтоқсан, сағат 11.00-де Көрмелер залында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, публицист Ерболат Баяттың «Уақыт белдеуі» жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. 
 
   Ақын Ерболат Баяттың «Қазығұрт» баспасынан жарық көріп отырған «Уақыт белдеуі» атты жыр жинағына ақынның соңғы  бір жылда  жазған таңдамалы өлеңдері, жыр-толғаулары енгізілген. Ақын өлеңдері адам, қоғам, өмір, тіршілік жайындағы ой-сезім, көңіл-күй түйткілдері, сан қатпарлы сана қалтарыстары  көркем тілмен бедерленіп, пәлсапалық тұжырымдармен түйінделіп отырады. Поэтикалық нәзік иірімдердің,  кестелі өрнектердің, әр түрлі бояулардың романтикалық  пафоспен, сыршыл лиризммен, философиялық  ой ағымымен  үндесуі өзіндік ерекшелігі болып табылады. Өлең-жырлардың ойы орамды, тілі шұрайлы, тау бұлағының таза тұнығындай мөлдір һәм асау ағысты меңзейді. Бұған дейін автордың 2008 жылы «Түсіме тау кіреді» өлеңдер жинағы және 2012 жылы «Түркі-моңғол эпостарының сюжеттер типологиясы» атты ғылыми монографиясы Көкшетауда жарық көрген. 

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар ашып, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Темірғали Көпбаев жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Г.Орда, Н.Ақыш, С.Қорабай, Б.Қинаят және жас ақындар, әртістер өз өнерлерін көрсетті.
 
   Тұсаукесер қонақтары: филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда, филология ғылымдарының докторы, профессор Раушан Авакова, филология ғылымдарының  кандидаты Серікқазы Қорабай, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Қинаят, мұражайдың этнология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Хатран, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Бейсенов, филология ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов және жас ақындар, әртістер, әншілер, Ұлттық кітапхананың оқырмандары, БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
 

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование