KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886477
2019 жылы:  20192
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.12.2015
   2015 жылғы 23 желтоқсан, сағат 15.00-де Көрмелер залында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдық мерейтойына арналған «Достойные верненцы, замечательные алматинцы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары А.Юсупова дөңгелек үстел қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, Алматы қ. Ресей бас консулдығының консулы И.Переверзева іс-шараның модераторы және ұйымдастырушысы болды.
    Дөңгелек үстелде: ҚР Президенті мұрағатының бас сарапшысы Е.Чиликова, М.Жыгелдинова, Алматы қ. Орталық Мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары А.Алмазы, А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметкері  Г.Сырлыбаева, Қазақстан Медиа одағының төрағасы С.Галиева,  Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі Л.Мананникова, ҚР Ұлттық кітапханасы әлем әдебиеті бөлімінің топ жетекшісі С.Тұяқова сөз сөйледі. Сөз сөйлегендер республикадағы тұңғыш балаларға арналған театрдың құрылуы, қайраткерлердің Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, кітапхана тарихынан сирек құжаттар туралы әңгімелеп берді, мұрағатшылар жаңалықтармен бөлісіп, театрдың тарихы жөнінде жақында табылған мұрағаттық құжаттарға талдау жүргізді.
    Дөңгелек үстел аясында Ұлттық кітапхана «Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына – 70 жыл» атты кітап көрмесін ұйымдастырды, Н.Сац атындағы театрдың әртісі Ольга Бобрик Наталья Ильинична Сацтың образын көрсетті, сондай-ақ, театр қорынан театрлық костюмдер көпшілік назарына ұсынылды. 
  Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы кітапхана қорына кітаптар тарту етті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование