KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886489
2019 жылы:  20204
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.12.2015
   2015 жылғы 30 желтоқсанда Көрмелер залында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, ҚР журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақ баспасөзіне сіңірген айрықша еңбегі үшін» дипломының иегері Тілеу Көлбаевтың Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», «Отан үшін от кешкендер», «Өшпес даңқ» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
 
   «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» кітабында ел басына күн туған ауыр жылдарда қан майданда жаумен жағаласқан, тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарына төзе білген, Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істері жайлы сөз етіледі. Кітап мұрағат құжаттары мен уақыт сынынан өткен жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған.
   «Отан үшін от кешкендер» кітабында Ұлы Отан соғысы жылдарында даңқты қарулы күштер қатарында әрбір төртінші қазақстандық болғаны айтылады. Олар майдандағы ерлігімен көзге түсті. Брест қорғанын қорғаудағы Мәскеу мен Сталинград, Ленинград, Одесса, Севостополь, Киев, Курск-Орел доғасындағы, Днепрдегі ұрыстар және Берлиндегі Рейхстаг үшін болған шайқастарда табандылық пен ерліктің қайталанбас үлгісін көрсетті. Кітап мұрағат құжаттары мен майдангерлер ерліктері негізінде жазылған.
   «Өшпес даңқ» кітабында Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 100-ші, Ақтөбеде жасақталған 101-ші қазақтың ұлттық атқыштар бригадаларының өмір тіршілігі, отты жылдар кезіндегі жолдары мен жекелеген жауынгерлер ерлігі сөз етіледі. Зерттеуде 980 майдангердің қай жерде қаза тауып, қай жерде жерленгені және олардың туған-туысқандары жайлы мәліметтер берілген.
 
   Тұсаукесерді жазушы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар ашып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: С.Калинин, Ж.Кенжалин, Ж.Жалауов, Б.Қойшыбаев, Д.Салқынбеков, Р.Айтиева және т.б.
 
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанттары, Ұлттық кітапхананың оқырмандары, БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
 
 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование