KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060828
2019 жылы:  126363
бүгiн:  233
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.12.2015

   2015 жылғы 24-25 желтоқсанда Көрмелер залында «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Қоғамдық кеңес – Қазақстандағы азаматтық қоғамның институционалды факторы» атты семинар-тренинг өткізді.

   Мақсаты – 2015 жылғы 5 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңды жан-жақты түсіндіру. Заңның азаматтық институтты дамытудағы мүмкіндіктерін насихаттау. Қоғамдық ұйымдардың осы заңды тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
   Семинар-тренингті «Общественный проект» қоғамдық ұйымның жетекшісі Братенков Александр Иванович, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының төрайымы Көбеева Алтынай Өмірәліқызы жүргізді. Оған Алматы қаласындағы 240 қоғамдық ұйым қатысты.
   Биыл 5 қарашада қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын Заң қабылданды. Ол «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді. Олардың жұмысының ашық болуын талап етуіне болады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Бұл Қазақстан қоғамының демократиялық құндылықтарға, Батыстық мемлекетті басқару моделіне жақындағанын көрсетеді.
   Мысалы, әлемнің бірқатар елдерінде қоғам  мен билік арасын жалғайтын Қоғамдық кеңестер көптеп кездеседі. Олар мемлекетпен әріптестік, кеңесші тетіктер ретінде қызмет етеді. Яғни, оларда кез-келген шешімді қабылдау кезінде қоғамның ойы алдыңғы орында тұрады. Францияда Экономикалық және әлеуметтік кеңес қызметі Конституцияда қарастырылған. Чехияда қоғамдық кеңестің қызметі Президенттің нормативтік-құқықтық актілерімен реттеліп көрсетілген.
   Бұл жүйеге Қазақстан қоғамы да бір қадам болса да жақындап келеді. Біздегі қоғамдық кеңестер, тағы бір ерекшелігі республикалық және жергілікті деңгейде құрылады.  Ауыл, село, кент, ауылдық округтегі мәселелер аудандық  маңызы бар қала деңгейіндегі қоғамдық кеңестерде талқыланады.
   Осы семинар тренингте танымал тренерлер – А.И.Братенков пен А.Көбеевалар қоғамдық кеңестердің қызметін, олардың мемлекетпен әріптестік орнату механизмдерін, айла-тәсілдерін, қоғамдық ұйымдардың құқығын қорғайтын заңнамалармен таныстырды. Өте сапалы презентацияларды ұсынды. Осы семинар-тренинг арқылы азаматтық институттардың қоғамдағы рөлін, мүмкіндіктерін тани аласыз.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование