KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886426
2019 жылы:  20141
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.01.2016
   2016 жылғы 13 қаңтар, сағат 15.00-де Көрмелер залында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ғалым, пубилицист Досан Баймолданың «Европадағы қазақтар» және «Польша күнделігі» атты зерттеу кітаптарының тұсаукесері өтті.
 
   Ұйымдастырушылар: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Ер-Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры.
 
   «Европадағы қазақтар» атты зерттеу кітапқа қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері,  кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Кітап  автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Автордың бұл еңбегі осы саладағы алғашқы зерттеу кітап болып табылады.
   «Польша күнделігі» атты зерттеу кітапқа ғалым, журналист Досан Баймолданың  Польша елімен қайта табысқан күндеріне жасаған шолулары, Польша мен Қазақ елі арасындағы тарихи қарым-қатынас, достық байланыстар туралы ой-толғаныстары, көзбен көргендері мен ойға түйгендері және жол сапарлық жазбалары енді. Кітап Польша елінің тарихын қызықтаушыларға, халықаралық қатынас және саясаттану саласы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырмандарға арналған. 
 
    Тұсаукесерді жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Т.Мамашев, М.Темірбаев, У.Қалижан, Ә.Меңдеке, Е.Омаров, Д.Ысқақ, И.Жеменей, Д.Баймолда.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері, БАҚ өкілдері.

   

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование