KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060858
2019 жылы:  126393
бүгiн:  263
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.01.2016
   2016 жылғы 12 қаңтар, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын талқылау шарасы өтті.
 
    Кітапхана ұжымына «5 институционалдық реформаларды жүзеге асырудың 100-нақты қадамы» – Ұлт жоспарын практикалық орындау кезеңдерінің негізгі бағыттарын түсіндіру үшін тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Елбасы мақаласының маңыздылығы мен оның дер кезінде жарияланғандығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында айрықша рөл атқаратындығына тоқталды. Сонымен қатар ғалым, жалпы әлемдегі, оның ішінде, алыс-жақын шетелдердегі саяси, экономикалық жағдайларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Ұлт жоспарының орындалу кезеңі жаһандық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат ретінде тарихқа енгенін айрықша баса айтты. 
   Ұлттық кітапхананың Бас директоры, жазушы Әлібек Асқар осы мақаланың маңызы туралы кіріспе сөз сөйлеп, қазақстандықтарға республикамыздың қоғамдық өмірінің барлық бағыттарында қызметтерді іске асыруға еліміздің дамуының жаңа мүмкіншіліктерін ашатынын атап өтті.
    Талқылауда Әзімбай Ғали кітапхана қызметкерлерінің қойған сұрақтарына нақты жауап берді.
 
  
 
        
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование