KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886521
2019 жылы:  20236
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.01.2016
   «Өнер» бөлімінің оқу залында М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының 90 жылдығына арналған «Театр – өнер жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1925 жылдың соңында қазіргі Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. 1928 жылы театр Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы  театр академиялық атағын алды, 1961 жылдан бастап М.О. Әуезовтың  есімімен аталады. Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздар және халық шығармашылығының танымал шеберлері — Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, Ж.Шанин, И.Байзаков, Ә. Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ф.Әшкеева, З.Атабаева, Ш.Байзакова, М.Шамова, Ж. Шанина және  т.б. ойнады.
   Алғашқы жылдары театр режиссерлері актерлар арасынан көтеріліп отырды: Ж.Шанин, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков.  Театрдың алғашқы репертуарын  жазушылар М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б. Майлин жасады. Алғашқы кездері: қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ө.Оспанов пен Е.Өтеулиннің «Зарлық»; сонымен қатар М.Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», Б.Майлиннің «Неке қияр», «Шаншар молда», Е.Ерданаевтың «Малқамбай», Ж.Шаниннің «Торсықбай», «Айдарбек қу», «Арқалық батыр» сияқты ескі ауыл тұрмыс-салтын, сол кездегі қазақ халқының өмірін бейнелейтін спектакльдер қойылды. Отызыншы жылдары театр кәсіби режиссерлерді (М.Г. Насонов), суретшілерді (Қ.Қожықов) тарта бастады. М.Әуезовтің «Түнгі сарын», Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Аманкелді» сияқты күрделі драмалық шығармаларының қойылымдарына кірісті.
   1941-45 жылдары кеңес халқының ерлік күресіне арналған М.Әуезовтің «Сын сағатта», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», сондай-ақ Ғ.Мүсреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», В.Шекспирдің «Асауға тұсау» шығармалары театр репертуарынан ерекше орын алды. 1940-80 жылдардағы Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат», «Күншілдік», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ш.Құсайыновтың «Кеше мен бүгін», «Қилы-қилы тағдырлар», Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман болмас», Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Т.Ахтановтың «Сәуле», «Боран», З.Шашкиннің «Ақын жүрегі», З.Шашкиннің «Сөнбейтін от», Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың «Фудзиямға шығу» және т.б. қойылымдары ерекше маңызды болды.
   Театрдың жетекші әртістері: ҚР халық әртістері - А.Әшімов, С.Оразбаев, Т.Жаманқұлов, Қ.Тастанбеков, М.Өтекешова, З.Шарипова, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова; Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері - Х.Елебекова, Б.Имашева және т.б.
   Спектакльдер қазақ тілінде синхронды аудармамен қойылады.  
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование