KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886512
2019 жылы:  20227
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.01.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі әдебиеттанушы, жазушы, драматург және абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Аңыз адам – ақиқат тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
    Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. 1924 жылы қазақ мектебіне барған. Одан кейін колхоз жастарының мектебін, ауылшаруашылық техникумын және мұғалімдер институтын бітірді. 1940 жылы Н.К.Крупская атындағы (қазіргі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет) Семей педагогикалық институтын үздік бітіріп, осы институтта оқытушы болып қызмет атқарады.
   Қ.Мұқамедханов – көрнекті ғалым, әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Мұхтар Әуезовты пір тұтты. Студенттік жылдардан-ақ ерекше әдеби талантын көрсетті. Оның алғашқы өлеңдері мен мақалалары қабырға газеттері мен облыстық «Екпінді» және «Прииртышская правда» (қазіргі «Семей таңы» және «Ертіс») газеттерінде жарияланған. «Толқын» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), «Ер Білісбай» (1973) пьесаларының авторы, әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың «Аршин мал алан», Н. Карамзиннің «Бедная Лиза» повестін (1954), «Арон-Рашид и собаки» өлеңмен берілген шығыс аңызын (1966), татар жазушысы Ш.Камалдың «Қажы әпенді үйленді» пьесаларын және Т.Шевченконың,
Г. Тоқайдың және басқа да авторлардың отыздан астам шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қ.Мұхамедханов 1945 жылғы алғашқы Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің авторы.
   Қ.Мұхамедханов жас кезінен әдеби өлкетанумен, этнографиялық материалдар жинаумен, жойылып бара жатқан қолжазбалар мен кітаптар жинаумен айналысты. Еліміздегі алғашқы әдеби-мемориалдық Абай мұражайын ұйымдастырға және ашылуына белсене атсалысты. Оның ең ауқымды жұмыстарына «Абай текстологиясы туралы», «Абай төңірегіндегі ақындар шығармашылығы», «Абай туралы кейбір тарихи деректер», «Мағауия Ибраһимұлы Құнанбаев» және тағы басқа монографиялары жатады. ҚазКСР ҒА-ның академигі М.О.Әуезовтың жетекшілігімен «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.
   Қ.Мұхамедханов 1918 жылы М.Әуезов, Ж.Аймауытовтардың бастамасымен жарық көрген «Абай» журналының қайта жарық көруіне (1992), Абай шығармаларының мерейтойлық академиялық екі томдығын және «Абай» энциклопедиясын (1995) шығаруға көп еңбек сіңірді.
   Қ.Мұхамедханов – Халықаралық Абай академиясының алтын медалінің лауреаты (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Халықаралық Абай сыйлығының алғашқы лауреаты (1996), ҚР Жазушылар Одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының алғашқы лауреаты (1996). Медальдармен марапатталған (1946, 1982).
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ғалымның өмірі мен қызметі, оның ғылыми еңбектері, монографиялары, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар және ол туралы естеліктер ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование