KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060750
2019 жылы:  126285
бүгiн:  155
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.01.2016
   Өнер бөлімінің оқу залында «Дизайн әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   «Дизайн» термині 1928 жылы АҚШ-та пайда болды. Дизайнның түп тамыры адамзат тарихынан бастау алады. Ғасырлар бойы адамның заттық-кеңістіктік ортасы қолмен жасалып келген, оны қоршаған барлық заттар қолөнер шеберлерінің маңдай терлерімен ұзақ еңбектерінің нәтижесі болды.
   Дизайн дегеніміз – адамға қажетті, бүкіл халықтың сұранысына ие жаңа заттарды жасап шығару. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайнның терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізгі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Дизайн өнері заттар мен нысандардың эстетикалық және тұтынушылық сапасын олардың тікелей қолданысына арналған тиімді құрылымымен, дайындалу технологиясымен байланыстыратын көптеген әдістерге жүгінеді. Қоғамдық-мәдени өмірде дизайнның қолданылмайтын орны сирек. Дизайн өнері орындалу тәсіліне және қолдану саласына байланысты көптеген түрлерге бөлінеді: өндірістік дизайн, қоршаған орта дизайны, графикалық дизайн, киім дизайны, интерьер дизайны, экстерьер дизайны, жиһаз дизайны, гүл дизайны, компьютерлік дизайн және т.б.
   Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Қазақстанда дизайн өнері жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады.
   Көшпелі мәдениет ұлтымыздың менталитетінің ажырамас бір бөлігі. Осыдан кейін дизайнерлердің көшпенділер менталитетіне деген қызығушылығы арта түсті. 
 Сондықтан дизайнның қоғамдық өмір мен өнеркәсіптің, өндіріс пен тұтынушының арақатынасындағы рөлі мен маңызы үлкен.
 
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан дизайн тарихы, әлемдік және қазақстандық дизайнның дамуы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылған.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование