KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886545
2019 жылы:  20260
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.01.2016
   «Қазақстан кітаптары» және Мерзімді басылымдар қызметтерінің оқу залдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік  – елдігім» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
 
   Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясында қабылданды.
   Қазақстанның өзінің тарихи қалыптасқан аумағы бар, соның шегінде өз қызметін жүзеге асырады, заманауи шекаралардың шегінде ол бірыңғай, бөлінбейтін және мызғымас болып табылады. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді.
   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылғы 15 қыркүйектегі Жарлығы бойынша  Қазақстанның астанасы (бұрынғы - Ақмола) Астана қаласы болды. Бүгінгі Астана – тәуелсіздігіміздің символы, түрлі бастамаларды біріктіретін қала, мемлекеттің экономикалық, мәдени және саяси өмірінің ошағы.
   Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда өзінің жеке билік институттары бар және оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне кепілдік берілетін әлемдік қоғамдастықтың  ықпалды мүшесі болып табылатын жаңа мемлекет құрылды. Ұлттық сана-сезімді өсіру, тарихи және ұлттық бай дәстүрімізді құрметтеу, бүкіл әлемге қазақ халқының дәстүрлерін таныстыру бағыттарында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінде Қазақстан, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көпұлтты ел.   
   Тәуелсіздік күндері қазақстандықтар 16-17 желтоқсанда демалады. Дәстүр бойынша бұл мейрамда еліміздің көптеген қалаларында әр түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мерекелік концерттер өткізіледі.
 
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу тарихы және республиканың тәуелсіздік жылдары жеткен үлкен жетістіктері туралы кітаптар, газет-журналдар және басқа да материалдар ұсынылған.
 
   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование