KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886457
2019 жылы:  20172
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.01.2016
   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында танымал орыс ақыны және аудармашысы Осип Мандельштамның 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды (1891-1938).
 
   Осип Эмилұлы Мандельштам 1891 жылғы 15 қаңтарда Варшава қаласында көпестер отбасында дүниеге келген. 1892 ж. оның отбасы Павловскке қоныстанып, ал 1897 ж. Петербургқа көшіп барады. Мандельштам Петербургтағы Тенишев коммерциялық училищесін бітіреді. 1907 ж. Парижге кетіп, Сорбонна университетінде дәріс алады, кейін Гейдельберг университетінде бір жыл оқиды.

   1910 ж. «Апаллон» журналында оның алғашқы бес өлеңі басылып шығады. Сол уақытта О. Мандельштамның ақын-символистердің идеяларына қызығушылығы ауған кезі еді. 1911 ж. ол Петербург университетінің тарихи-филологиялық факультетіне түседі. Ол уақытқа дейін Мандельштам әдеби ортаға барынша сіңе білген және Гумилев ұйымдастырған «Цех поэтов» акмеистер тобына тәуелді болған. 1913 ж. алғаш рет оның «Камень» өлеңдер кітабы жарық көрді. 1918-1921 жылдар аралығында Қырым және Грузияның мәдени мекемелерінде қызмет атқарды. 1922 ж. Мәскеуге көшті. 1920 жылдар Мандельштам үшін әдеби жұмыс жан жақты қарқынды болды: бірнеше поэзиялық жинақтар – «Tristia» (1922), «Вторая книга» (1923), «Стихотворения» (1928) жарыққа шықты. Ақын «О поэзии» деген жинақтың астарымен әдебиет жайындағы мақалаларды шығаруын жалғастыра берді (1928). Тағы басқа екі кітабы «Шум времени» (1925) және «Египетская марка» (1928), балаларға да арналған кітаптар «Два трамвая», «Примус» (1925), «Шары», «Кухня» (1926) жарыққа шықты. Мандельштам уақытының көп бөлігін аударма жұмыстарына арнады. Француз, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, заманауи шет ел жазушыларының прозаларын аударуды қолға ала бастады. Ол өлең аудармаларына ерекше мұқияттылықпен қарап, жоғары шеберлілік танытты. 1930 жылдары ақынға ашық қудалау басталып, аударма басып шығару қатты қиынға түсті. Сол жылдары аудармашы он шақты кітап аударды. 1933 ж. күзінде «Мы живем, под собою не чуя страны...» атты өлеңін жазу нәтижесінде 1934 ж. мамыр айында қуғынға ұшырап, Чердынь қаласына жіберіледі. Кейіннен газет, журнал, радиода қызмет атқарған жері – Воронеж қаласына жіберіледі. Мандельштам екінші тұтқындалғаннан  кейін, 1938 ж. қайтыс болды.
   О.Мандельштам жайында жазушы В.Шкловский: «Ол қызық...күрделі...сезімтал және данышпан жан еді!»,- деген. Ақынның жұбайы – Надежда Мандельштам, сондай-ақ, сенімді достары оның өлеңдерін сақтап келген және соның арқасында ол өлеңдер алғаш рет 1960 ж. жарық көрді. Бүгінгі таңда оның барлық әдеби мұралары мейлінше толық шығарылды. О. Мандельштам әлемдегіең құнды және шығармалары көп оқылатын ақындардың бірі болып табылады.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование