KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886427
2019 жылы:  20142
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.01.2016
   2016 жылғы 27 қаңтар, сағат 11.00-де Көрмелер залында Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай еске алу кеші және кітап көрмесі өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық қоры.

   Қайым Мұхамедханов (5 қаңтар 1916 ж. - 30 маусым 2004 ж.) – көрнекті ғалым, мәтінгер, Семей қаласындағы (1940 ж.) алғашқы Абай мемлекеттік әдеби мұражайының негізін қалаушы, абайтану және шәкәрімтану ғылымдарының негізін салушы, М.Әуезовтің адал шәкірті әрі серігі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, үздік тәлімгер ұстаз және қоғам қайраткері. 
   1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Қазақ КСР Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы (1945 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 ж.), Қазақ КСР халық  ағарту ісінің үздігі,  КСРО ағарту ісінің үздігі,  Семей, Аягөз, Шығыс Қазақстан облысының  Жаңасемей және Абай аудандарының құрметті азаматы. Ұлы Отан соғысына қатысушы.  Көптеген атақтар мен марапаттардың иегері: Абай Халықаралық Академиясы Алтын Медалінің иегері (Лондон, 1995 ж.), Қазақстан Жазушылар одағының Абай,  «Алаш» халықаралық сыйлықтарының алғашқы иегері (1996 ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.
   Ғалымның өмірі өзі тікелей қатысқан біздің тарихымыздағы ең маңызды кезеңдерді қамтыды. Қайым Мұхамедханов бірнеше жылдар орындалып келген Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранын жазды, біздің тарихымыздағы түнекте, ұмыт қалған көптеген есімдерді қайта оралтты, маңызды қолжазбалар мен шығармаларды ашып, сақтап қалды, алғашқы Абай мұражайын ашуға негіз ретінде, шет аудандарға жасаған ауыр экспедицияларында жәдігерлер мен қолжазбаларды анықтап, жинақтады. Ғалым Абайдың, Шәкәрімнің және алашордалықтардың бірегей сөздерін мәтіндік талдау әдісімен сақтап қалды және тыйым салынған уақыт болғанына қарамастан, олардың есімдері мен шығармаларын мәңгі есте қалдыру үшін күресті. Оның әкесі – Мұхамедхан  Сейтқұлов ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырды байланыстыра отырып, халықты мәдениет пен тарихтың мәңгілік құндылығының айналасына біріктірді. Қайымның әкесінің үйінде Абай, Шәкәрім, Абайдың шәкірттері және алашордалықтар, көптеген халықтың белгілі мәдени тұлғалары болды. Қайым Мұхамедханов Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне маңызды үлес қосты және әкесінің рухани-адамгершілік істерін жалғастыра отырып, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды біріктірді.
   1951 жылғы 7 сәуірде ғалым Абай шәкірттерінің мектебі туралы диссертациясын қорғағаннан кейін, орынсыз айыптауға ұшырап, 1951 жылғы 1 желтоқсанда абақтыға қамалды. Ішкі істер халық комиссариатының абақтыларында физикалық және моральдық жәбір көре отырып, ол Абай мектебінен бас тартпады, Әуезовке сатқындық жасамады, сол үшін де 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
   «Адам бір рет қана өледі. Мен сол кезде: алаштықтар сияқты адамдар қайтыс болып жатқанда, менің өлімім не?!». «Бақыт деген – бостандықта болу, шындықты айту және еш нәрседен қорықпау. Тек осылай өмір сүру керек. Адам үшін бұл басты нәрсе»,- деп ойладым.
   Қайымның бұл сөздерінде – адам рухының және туған жерінің патриот-азаматының күші бар. Ғылымға қосқан үлесі үшін, халыққа көрсеткен қызметі үшін ғалым ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
   Кітап көрмесінде ғалымның еңбектері мен қолжазбалары, оның дәптерлері, абайтануды, шәкәрімтануды, алаштануды қалыптастырудың қиын жолдары суреттелген хаттар мен мұрағаттық анықтамалар ұсынылды. Бұл – 1951 ж. диссертацияны қорғау стенограммасы, мәтіндік еңбектер, қуғынға ұшырау құжаттары,  Қайымға белгілі адамдардың хаттары, оның Қарлагта қазақ тіліне өлеңмен аударған Н.Карамзиннің «Сормаңдай Лиза» повесі және т.б. 
   Іс-шараға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері – А.Ісмақова, А.Қодар, С.Әзімов, М.Әуезов, У.Қадырханұлы, А.Еспенбетов, С.Қорабай, Ғ.Қабышұлы, К.Мәдібаева, Е.Іргебай,  С.Борбасов, М.Бұланбаева, С.Ізтлеуова, М.Өмірхан,  И.Иранғайып, А.Смағұловалар қатысты. Олар халықтың рухани тұрақтылығы үшін Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-мәдени мұрасы мен рухани-адамгершілік істерінің маңызы туралы әңгімеледі.  
   Кеште Е.Шүкімановтың және оның шәкірттері – консерватория студенттерінің орындауларында әндер орындалды, сондай-ақ, айтыскерлер өнер көрсетті. Ғалымның тағдыры жайлы  слайд-шоу және деректі фильм көрсетілді.
   Модераторы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Серікқазы Қорабай Сыбанбайұлы.  
 
  
 
     
 
          
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование