KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886529
2019 жылы:  20244
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.01.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, авиация генерал-лейтенанты белгілі ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 65-жылдығына арналған «Қазақтың қаһарман ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы  Қарғалы ауылында  дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласының № 58 орта мектебін, 1974 жылы Рига азаматтық авиация институтын, 1984 жылы Алматы аэроклубында (ДОСААФ), 1989 жылы СЭВ-қа мүше елдердің диспетчерлік және инженерлік-техникалық авиация құрамының Ульянов орталығында, 1993 жылы Ақтөбе әскери жазғы дайындық училищесінде білім алды.
   Т.Мұсабаев − ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымының  докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Астронавтиканың халықаралық академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, К.Э.Циалковский атындағы Ресей ғарыш академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
   Т.Мұсабаев еңбек жолын 1974 жылы Боралдай азаматтық авиация әуе күштерінің бірлескен авиация отряды авиация және радиоэлектроникалық құрылғысының кезекші инженері қызметінен бастады. 1976-1979 жылдан Қазақ Азаматтық авиация Басқармасының саяси-тәрбие жұмыстары бөлімінде аға инструктор, инструктор, 1979-1987 жылдары Алматы авиаотрядында саяси-тәрбиелік жұмыстар бойынша 240-шы жазғы отрядының командир орынбасары, 1987-1990 жылдары екінші ұшқыш, Боралдай авиаотряды бірлестігінің АН-2 самолетінің командирі болды.
   1994 жылғы 1 шілде мен 4 қараша аралығында Талғат Мұсабаев «Союз ТМ-19» кемесімен 16-шы негізгі экспедиция құрамында экипаж бортинженері ретінде тұңғыш рет «Мир» орбита кешеніне 126 тәулікке созылған ғарыш сапарын жасады. Ғарышқа алғашқы сапарының барысында Т.Мұсабаев екі рет жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минутты құрайтын ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 
   1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 шілде аралығында «Союз ТМ-27» ғарыш кемесімен, «Мир» орбита кешенінде 25-ші негізгі экспедициясы экипажының командирі ретінде 207,5 тәулік өткізіп, ашық ғарышқа 5 рет шықты, жалпы олардың ұзақтығы 30 сағат 08 минут болды. Т.Мұсабаевтың Халықаралық ғарыш станциясындағы үшінші ғарыштық сапары 2001 жылғы 8 сәуір мен 6 мамыр аралығында – «Союз ТМ-32» және «Союз ТМ-31» кемелерінің командирі ретінде жалпы ұзақтығы 7 тәулік 22 сағатты құрады.
   Т.Мұсабаев еңбегі үшін «РФ ұшқыш-ғарышкері» (1994) және «ҚР ұшқыш-ғарышкері» (1995), «Халық қаһарманы» (1995) атақтарын иеленген. «Халықтар достығы» (1991), «Серебрянный Орел» (Австрия, 1991), 1-ші дәрежелі «Отан» (1998, 2001) ордендерімен, NASA-ның «За космические полеты» (1998) және тағы басқа медальдармен марапатталған. Ғарышкерге Қазақстанның пошта маркалары арналған. Командалық есеп бойынша биікке ұшудан КСРО чемпионы, гимнастика мен биікке ұшудан спорт шебері.
   ҚР Президентінің 2015 жылдың 3 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы ғарыш саласын дамыту үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстарының циклі үшін Т.Мұсабаевқа әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы тағайындалды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ғарышкердің өмірі мен қызметі жайлы материалдар ұсынылған.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование