KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886550
2019 жылы:  20265
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.01.2016
   2016 жылғы 22 қаңтар, сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жыл» тақырыбында кең ауқымды кітап көрмесінің салтанатты ашылуы және Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ұлттық рухы» атты дөңгелек үстел өтті.
 
   Аталмыш шаралардың мақсаты – тәуелсіздік тұғырының биіктігін жас ұрпақ бойына сіңіру мен оларды отансүйгіштікке, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа баулып, бабалар аңсаған тәуелсіздік құндылықтарын қастерлеуге үндеу. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы тәуелсіздік тарихы мен осы кезеңдегі әдебиет пен өнер, білім мен мәдениет, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктер көрініс тапқан әдебиеттерді кеңінен насихаттау.

   13 бөлімді кітап көрмесінде кітапхана қорынан тәуелсіз еліміз дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі 3500-ден астам басылым ұсынылған.

    Көрмені ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, жазушы Әлібек Асылбайұлы ашты.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Парламентінің депутаты Бақытбек Смағұл, ғалым, профессор Дандай Ысқақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясынан: «Ирныхас» Осетин мәдени орталығының төрағасы Мамсуров Казбек Владимирович. Айтыскер, ақын Арзыгүл Қайыңбекқызы домбырамен арнау орындады.

   Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
 
  
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование