KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886546
2019 жылы:  20261
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.01.2016
   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға арналған «Алматы – Қысқы Универсада 2017 астанасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматы қаласында 2017 жылғы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Универсиада – бұл бүкіләлемдік студенттік спорттық ойындар, ең маңызды  және ауқымды халықаралық жарыстардың бірі. Оны ұйымдастырушы құрамына 141 мемлекет кіретін Халықаралық студенттік спорт федерациясы болып табылады. Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан, АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өткен кезден бастау алады. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бері Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық-спорттық  және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың басты мақсаттарының бірі – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.
   Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссель қаласында  Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші рет  2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасы болды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу қаласы және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың, тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына салтанатты тапсыру  рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті. 
   Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың бойтұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символикаға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.
   XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.
   Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7–ші қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары,  сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін Алматы қаласында  қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлетикалық қалашық тұрғызылады. Қазақстандағы Қысқы Универсиада аясында спорттың 13 түрінен жарыстар жоспарланды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан спорттың дамуы және Қазақстанның қазіргі спорттық жетістіктері жайлы әлемнің әр түрлі тілдерінде құжаттар ұсынылған.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование