KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886449
2019 жылы:  20164
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.01.2016
   2016 жылғы 26 қаңтар, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ – ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНІ» атты іс-шара өтті.

   Қазақстан мен Қытай Ұлы Жібек жолының бойындағы мейірман көрші бола отырып, мәдени алмасуда әрдайым тығыз серіктестер болып қала бермек. Бүгінгі, екі ел арасындағы қарым-қатынас даму тарихындағы жақсы кезеңдерді бастан кешіп отырған кезде, екі ел халықтарының  бірін-бірі одан әрі тануға деген ниеттері күннен-күнге артуда.
   Осыған байланысты, Алматы қаласындфағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» атты іс-шара өткізді. Ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаты – қазақстандық жұртшылыққа қытайдың шынайы дәстүрлі мәдениетін көрсету, екі елдің бауырлас халықтары арасындағы өзара достық пен түсіністікті әрі қарай нығайту.

   Қытай мәдениеті күнінің бағдарламасы:
   • Қытайдың Тяньцзинь қаласының өнер қайраткерлері, қытай халық әндерін, музыкаларын, Пекин операсын және Қытайдың басқа да жергілікті музыкалық драмаларын орындайтын І-ші мемлекеттік дәрежедегі әртістер Ли Хун, Ван Хумина, Чжао Цзин, Ван Бинь және т.б. қатысуымен өтетін концерттен, сондай-ақ, фокус және акробаттық қойылымдар;
   • қарапайым қытайлықтың  күнделікті тұрмысы, қытай қалалары мен ауылдарының қарқынды өсуі жайлы суреттейтін 60 фотоны қамтитын «Tempo of China» фотокөрмесін;
   • қытай көркем фильмінің көрсетілімін қамтыды.

   Іс-шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар ашып, Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Чжан Вей, мемлекет және қоғам қайраткері, Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның алғашқы Төтенше және Өкілетті Елшісі, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов сөйледі.

   Іс-шара аясында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы кітапханаға сыйлықтар табыстады.
 
  
 
  
 
  
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование