KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886492
2019 жылы:  20207
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.01.2016
   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында француз жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Ромен Ролланның 150 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Ромен Роллан (1866-1944) – француз жазушысы, қоғам қайраткері және музыкатанушы ғалым. Ол КСРО Ғылым академиясының шетелдік құрметті мүшесі (1932). «За высокий идеализм литературных произведений, за сочувствие и любовь к истине» әдебиет бойынша  Нобель сыйлығының иегері (1915). Ромен Роллан оңтүстік Франциядағы кішкентай Кламси қалашығында нотариустің отбасында дүниеге келіп, осы жерде балалық шағын өткізген. 
   1881 жылы Ролландар Парижге қоныс аударады, болашақ жазушы Людовик Великийдің лицейін бітіріп, 1886 жылы Эколь Нормальдің жоғарғы мектебіне оқуға түседі. Оқуын тәмамдағаннан кейін Роллан екі жыл Италияда тұрып, бейнелеу өнерін, сондай-ақ көрнекті итальян композиторларының өмірі мен шығармашылығын зерделейді. Роллан Францияға қайтып оралғаннан кейін Сорбоннеде «Происхождение современного оперного театра. История оперы в Европе до Люлли и Скарлатти» (1895) диссертациясын қорғап, музыка тарихының профессоры атағын алады. 1901 жылы Пьер Обримен бірлесіп «La Revue d'histoire et de critique musicales» журналының негізін қалады. Оның осы кезеңдегі ең көрнекті музыкатанушылық еңбектеріне «Музыканты прошлого» (1908), «Музыканты наших дней» (1908), «Гендель» (1910) монографиялары тиесілі. Ролланның баспада алғаш жарық көрген көркем шығармасы «Святой Людовик» трагедиясы болды – «Трагедии веры» драмалық циклының бастапқы бөлігі, оған сонымен қатар «Аэрт» және «Настанет время» тиесілі. Бірінші дүниежүзілік соғыста Роллан – соғысқа қарсы «Над схваткой» және «Предтечи» жинақтарына көптеген мақалаларын жариялаған еуропалық пацифистік ұйымдардың белсенді қатысушысы болды.
   Ромен Роллан өзінің Ұлы француз революциясы оқиғасына арналған: «Волки», «Торжество разума», «Дантон», «Четырнадцатое июля» пьессаларының циклдары жарияланғаннан және қойылғаннан кейін мойындалды. Ең танымал шығармасы – 10 кітаптан тұратын «Жан-Кристоф» романы. Бұл роман авторға әлемдік даңқ алып келді және әлемнің ондаған тілдеріне аударылды. Цикл неміс музыка данышпаны, түптұлғасы Бетховен мен Ролланның өзі болған Жан-Кристофа Крафттың дағдарысы жайлы әңгімелейді.
   Оның басқа да шығармаларының ішіндегі ұлы қайраткерлер туралы: «Жизнь Бетховена» (1903), «Жизнь Микеланджело» (1907), «Жизнь Толстого» (1911) сияқты кітаптар циклын атауға болады. Кейінірек, өмірінің соңғы жылдары ол «Бетховен. Великие творческие эпохи» көптомдығын аяқтап, Бетховен тақырыбына оралды. Оның музыкалары тиісті деңгейде бағасын алмады, бірақ қиындықтарды еңсеруде ол Махатма Ганди, Рамакришны, Вивекананды сынды бірқатар үнді ғұламаларының өмір жолдарына деген шынайы достық пен махаббатқа сүйенді. В 1944 жылы ол өзінің «Пеги» атты соңғы кітабын жазды.
   Ролланның әдебиеттегі еңбегі еленіп, 1915 ж. әдебиет бойынша Нобель сыйлығы берілді. Ромен Роллан 1944 жылы 30 желтоқсанда Везел қаласында (Франция) қайтыс болды.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы орыс және шет тілдерінде әдебиеттер ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование