KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886516
2019 жылы:  20231
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.02.2016
   2016 жылғы 3 ақпанда Көрмелер залында ақын Зейнолла Тілеужановтың «От адам» атты өлеңдер жинағынының тұсаукесер рәсімі өтті.
 
   Зейнолла Тілеужанов Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданына қарасты «Қызыл қайың» ұжымшарында 1942 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1968 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. «Жетісу» облыстық газетінде, Кинематография комитетінде, «Жаңа фильм», «Еңбек таңы» журналдарында және Мәдениет министрлігі жанындағы Халық шығармашылығы үйінде қызмет атқарған.
   Тырнақалды жырлары республика жас ақындарының «Жас керуен» (1969) жинағына енген. Кейінгі жылдары «Лебіз» (1971),  «Толағай тау», «Ой ағысы», «Сарыарқа», «Махаббат дастаны», «Аспанға көшкен ауыл», «Күнге табынғандар» атты жыр кітаптары шыққан. Көптеген шетел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ 100-ге тарта кинофильмдерді қазақшаға аударған.

   «От адам» атты өлеңдер жинағына дарынды ақын Зейнолла Тілеужанұлының әр жылдарда жазған өлеңдері мен поэмалары, дастандары енген.
   Кітап жалпы оқырманға арналған.
 
   Іс-шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар ашып, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Аманғазы Кәріпжан жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Д.Ысқақ, Ғ.Тәшімбай, М.Қанатов, Ш.Хамзақызы және  т.б.

   Қатысушылар: ақынның отбасы, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование