KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886428
2019 жылы:  20143
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.02.2016
   Өнер бөлімінің оқу залында композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кеңес Дүйсекеевтің 70 жылдығына арналған «Тарлан талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                               
 
   Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданының «Қызыл ту» ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген. Кеңес мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен-ақ домбыра үйреніп,  бірнеше күйлер мен әндер жазды. Мектепті бітіргеннен кейін ол Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түседі. 1968-1974 ж. аралығында Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында композиция класы бойынша оқыды.  1977 жылдан бастап Композиторлар одағының мүшесі. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының хатшысы және мүшесі болып сайланды. Консерваторияны аяқтағаннан кейін «Гүлдер» Республикалық эстрадалық-жастар ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі болып қызмет атқарды. 1976-1979 ж. аралығында «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің музыкалық жетекшісі. 1979 жылдан К.Дүйсекеевтің жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде» және т.б. хабарлар жасалынды, Қазақ телевидениесі музыкалық редакциясының бас редакторы болды. 1984 жылы байқаудан өтіп, Қазақстан Мемлекеттік телерадио эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болып тағайындалды. 1997 жылдан К.Дүйсекеев «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып  қызмет атқарады. Кеңес Дүйсекеев өзінің шығармашылық жолында музыка өнерінің көптеген жанрларында жұмыс істейді. Ол республиканың мемлекеттік ұжымдарына арнап ірі туындылар жазды. Олар: симфония-концерт (1974), оркестрлі кернейге арналған концерт (1977), симфониялық оркестрге арналған поэма (1982), «Толғау» симфониясы (1984), «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасы (1996), «О, дүние» кантатасы (1997), «Менің елім» симфониясы (1998), симфониялық оркестрлі кернейге арналған «Поэма-фантазия» (1999), камералық оркестрге арналған, фортепианоға арналған шығармалар: соната (1986), рапсодия (1987), вариациялар (1990), «Жыл мезгілдері» романстар циклі (1991) және екі жүзге жуық әндер. Кеңес Дүйсекеев өзінің шығармашылық даралығын білдіру жолында. Композитор көптеген халықаралық, бүкілодақтық және республикалық байқаулардың лауреаты.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан композитор К.Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование