KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060721
2019 жылы:  126256
бүгiн:  126
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.02.2016
   2016 жылғы 3 ақпанда, ҚР Ұлттық кітапханасында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының бастамасымен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды түсіндіру жұмысы жүргізілді.
 
   Биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізілген болатын. Бұл заң қоғаммен тікелей байланыста қызмет атқаратын барлық саланы қамтитын болғандықтан, кітапхана жүйесінің мамандары да білуі тиіс және орындауға міндетті құжаттың бірі болып табылады.
   Таныстырылым барысында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Байғали Әбдіәліұлы заңда атап көрсетілген «Ашық үкімет» қызметі туралы әңгімелеп өтті. Ал, Бостандық аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Н. Иманғалиев «Ашық үкімет» қызметін қолдануға қатысты кеңес беріп, кітапханашылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

   Жиынды ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Бақытжамал Оспанова қорытындылап, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңының кітапхана жүйесіне қатысты тұстарына тоқталды.
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование