KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886486
2019 жылы:  20201
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.02.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында атақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың  85 жылдығына арналған «Ақ сағымдай сағыныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек) Қарасаз ауылында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1948 жылы Қарасаз ауылдық кеңесінің хатшысы, комсомол мүшесінің қызметкері, аудандық газеттің әдеби қызметкері болып бастаған.
   М.Мақатаевтың әдеби  қызметі  «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірі») аудандық газетінен басталды, 1954-1962 жж. –  Қазақ радиосынында диктор, 1962-1963 жж. – «Қазақ әдебиеті» газеті бөлімінің меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, 1963-1965 жж. – «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының әдеби қызметкері, 1965-1972 жж. – «Жұлдыз» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1972-1973 жж. – Қазақстан Жазушылыр одағының әдеби кеңесшісі болды.
   Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының әйгілі ақыны. Ақынның алғашқы «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай» өлеңдері  «Советтік шекара» газетінде 1948 жылы жарияланды. Кейіннен  «Армысындар достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?», «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) және қазақ ұлттық поэзияның алтын қорына кірген өлеңдер жинағы басылып шықты. «Ильич» (1964) және «Мавр» (1970) поэмалары  В.И.Ленин мен К.Маркске арнады. Ақынға танымалдықты «Аппассионата» (1962) поэмасы әкелді.
   М.Мақатаев поэзиясының шабыттану көзі туған өлкесі, атажұртының тағдыры, уақыт тынысы, замандастарының үміттері мен армандары болды. Оның шығармаларындағы көркемдік бейнелері автордың өзінің  мөлдір таза жаны мен жалынды жүрегін ашып көрсетті. Ақынның көптеген өлеңдері Н.Тілендиев., Ш.Қалдаяқов., Д.Рақышев., И.Жақановтың әндеріне жазылған. Әдеби қабілеттілігін М.Мақатаев көркем аударма саласында танытты. Бірқатар орыс және шетелдік әдеби  шығармаларды: Н.Тихоновтың, Е.Евтушенко, Ф.Моргуновтың, Д.Алигеридің, У.Уитменнің және У.Шекспирдің қазақ тіліне аударды.
   Мұқағали Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті.
 
   1999 жылы М.Мақатаев қайтыс болғаннан кейін әдебиет және өнер саласы бойынша «Аманат» атты өлеңдер жинағына Қазақстан Республикасының мелекеттік сыйлығы берілді. Ақының туған жерінде мұражай-үйі ашылған. Алматы қаласында ақынның атымен мектепке, көшеге ақынның есімі беріліп, қола ескерткіші қойылған (2002).

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар, ақынның шығармалары, туыстары мен достарының    естеліктері, сондай-ақ, ақын туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование