KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060878
2019 жылы:  126413
бүгiн:  283
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.02.2016
   2016 жылғы 11 ақпанда Көрмелер залында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ер тілегі – Мәңгілік ел тілегі» атты республикалық ғылыми конференция және «Қазақтың қара майоры», «Король Панджшера» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.
 
   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығы және «САУАП» қоғамдық қоры, республикалық, патриоттық әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы.

   Конференцияның басты мақсаты: Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жас ұрпақ санасына жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттаудың жолдарын қарастыру; «Мәңгілік ел» идеясы мен тәуелсіздік ұғымдарының біртұтастығын жаңғырту әрі насихаттау.
   Іс-шара аясында тәуелсіз еліміздің мүддесіне зор үлес қосып жүрген білікті де, білімді, еңбегі сіңген әр сала мамандарын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Б.Момышұлы атындағы төсбелгімен және медальдармен марапаттады.   
   Сөз сөйлегендер: Ауған соғысы ардагерлер ұйымының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Ауған соғысының қаһарманы, қолбасшы Борис Керімбаев, әскери ғылымдардың докторы, профессор Ким Серікбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры Аягүл Миразова, тіл жанашыры Асылы Османова және т.б.
   Іс-шараны Ауған соғысының ардагері, мәдениет қайраткері Орынбасар Тазабеков жүргізді.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері, БАҚ өкілдері.
 
  
 
       

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование