KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886541
2019 жылы:  20256
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.02.2016
   2016 жылғы 23 ақпанда сағат 15.00-де Көрмелер залында түркітанушы, тарихшы, тілші және өнертанушы ғалым Мақсат Байлының «Илиада: Түркологиялық пайым» («Илиада глазами тюрколога») атты ғылыми-көпшілік кітабының тұсаукесері өтті.
 
   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы.
 
   Ұсынылып отырған монографияның негізгі тақырыбы – атақты Гомердің «Илиадасын» бұрын-соңды болмаған түркітану тұрғысынан тарихи-салыстырмалы талдау болып табылады. Кітап эпостану ғылымына көп тың деректермен бірге үлкен жаңалық ашатын ірі саланың бастамасы екені айқын. Ең ғажабы, бұрыннан Илиаданы зерттеген шетелдік ғалымдардың көптеген шешімін таппаған түйткіл проблемаларына – қазақтың ауызекі фольклоры мен жырлары, түркі халықтарының эпосы толық әрі жан-жақты жауап беретінін автор нақты мысалдармен тиянақты дәлелдеп берді.
   Тұсаукесерге отандық әдебиеттанушы, тілші, тарихшы ғалымдар, жазушы, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, докторант, магистрант және студенттер қатысты.
 
   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапхананың бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек жүргізді. Сөз сөйлегендер: Ө.Айтбай, Т.Мамашев, М.Молдахов, Д.Ысқақ, М.Сәлімгереев, Қ.Қожахметов және т.б.

   Тұсаукесерге отандық әдебиеттанушы, тілші, тарихшы ғалымдар, жазушы, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, докторант, магистрант және студенттер қатысты.

      

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование