KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060326
2019 жылы:  125861
бүгiн:  145
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.02.2016
   2016 жылғы 26 ақпанда Көрмелер залында «Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
 
   Мемлекеттік тілді дамыту институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар», «Жұмсалымды грамматиканың негіздері», «Қазіргі егемен Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қызмет етуі мен дамуы», «Түркі тілдері», «Развитие и функционирование государственного языка в суверенном  Казахстане» атты бес ғылыми еңбекті әзірлеп, жарыққа шығарған болатын. Дөңгелек үстел барысында осы кітаптардың таныстырылымы болды:
   Қазақ тіл білімінде оны пән ретінде оқытудың нақты шекарасы, ауқымы әлі нақты анықталып болған жоқ. Мәселен, орыс аудиториясына қандай грамматика оқытылуы керек, қазақ аудиториясына (мектепте, жоғары оқу орындарында, ғылыми ортада) оқылатын грамматика қандай болуы керек деген мәселе бүгін әлі күн тәртібінде тұр. Оқушыға да, студентке де, аспирантқа да дәстүрлі грамматиканы (бастауыш пен баяндауышты) оқыта беру дұрыс емес. Жоғарғы мектепке тек жүйені ғана емес, оның жұмсалу ортасын, қолдану заңдылықтарын қоса алып қарастыратын, оны адамның ойлау, шығармашылық әрекетімен байланыстыра қарайтын жұмсалымды грамматиканы оқыту қажет. Нақты ғылымдарда нақтылық бар, мәселен, математикада қай деңгейде нені оқыту керек екендігі айқын, басы ашық мәселе. Бастауыш мектеп – арифметика, орта мектеп – алгебра, жоғарғы мектеп – жоғарғы математиканы (выш.мат.) оқиды. Біздің тіл біліміне де осындай нақтылық керек-ақ. Қазір біздің қазақ тілін оқыту бойынша барлық күш-жігеріміз бен дәулетіміз (капитал) тек орыс аудиториясына бағытталып кеткендей көрінеді.

   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Бижомарт Қапалбек жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Б.Қалиев, Қ.Рысалды, Ж.Жақыпов, Ж.Дәулетбекова, Т.Ермекова, О.Жұбаева, С.Ақымбек және т.б.

   Қатысушыларға сертификаттар мен аталған кітаптар сыйға тартылды.

   Қатысушылар: жоғары оқу орындарының оқытушылары және мектеп мұғалімдері, БАҚ өкілдері.  
 
  
 
  
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование