KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886547
2019 жылы:  20262
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.02.2016
   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында Шығыстың ұлы ақыны, ойшыл, мемлекет қайраткері Әлішер Науаидың 575 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Әлішер Науаи – әйгілі шығыс ақыны, сопылық жолдағы философ, тимуридтік Хорасанның мемлекеттік қайраткері.
   Низамиддин Мир Әлішер 1441 жылы  9 ақпанда Герат қаласында Ғиясаддин Кичкиненің Тимуридтар мемлекетіндегі шенеулік  отбасында дүниеге келді, олардың үйі әйгілі  ойшыл философтардың, өнер адамдарының, ақындардың орталығы болды. Ә. Науаи 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Ә.Науаи Гераттағы Мешхедте және Самархандта оқыды. Науаидың оқытушысы Жәми болды, кейіннен ақынның пікірлес досына айналды.
   1469 жылы Ә.Науаи сыныптас досы Хұсайын Байқара Қорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 жылы уәзірі болып тағайындалды. 1476 жылы ол орнын босатты, бірақ Астрабадтағы қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты сұлтанның Гераттағы ең маңызды жұмыстардың орындаушысы болды.
   Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен-сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Оның кезінде Гератта ғалымдарға, өнер адамдарына арналған үйірме құрылды, оның қатарында ол өзі, Хұсайын деген жасырын атпен өлең жазатын Жәми сұлтан, тарихшы Мирхонд, Хондамир, Васифи, Давлетшах Самарханди, суретші Бекзад, архитектор Каваш-эдин болды.
   Әлішер Науаидың шығармашылығы орасан зор, сан алуан, оның 30-дан аса ірі шығармалары, өлең жинақтары, философиялық поэмалары, ғылыми трактаттары және газел жанрындағы шағатай, парсы тілінде 3 мыңнан аса шығармалары әлемге әйгілі. Ә.Науаи –  «Собрание утонченных» (1491-1492) антологиясы, Иран патшаларының тарихына арналған поэмасы «Құстар тілі», «Екі тілдің таласы» трактаты (1499) өмірбаяндық тарихи кітаптардың авторы. Науаи шығармашылығының биіктен көрінуіне әйгілі бес поэмасы: дидактикалық «Жақсылардың таңдауы» (1483) және сюжетті батырлық дастаны «Ләйлі және Мәжнүн» (1484), «Фархад және Шырын» (1484), «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) поэмасы арқылы әйгілі болды. Әлішер Науаи Орта Азия мен Таяу Шығыс халықтарының көп ғасырлық мәдени әдеп-ғұрыптарын қолдап отырып, өзінің шығармаларын жазып шықты. Әлішер Науаи өзбек әдебиеті мен тілінің дамуына үлкен үлес қосты, оның шығармалары әлеуметтік философиялық сұрақтарға, ғашықтық, қайырымдылық, адамдар арасындағы шыншылдыққа, бір-біріне деген сүйіспеншілік және көмек беруге ұмтылуға арналған. Сондықтан оның еңбектері жастар үшін өте маңызды. Оның шығармалары оқырмандарға туған жерге деген патриоттық рухын оятуға әсерін тигізеді.
   Әлішер Науаи 1501 жылы 3 қаңтарда Гератта дүниеден өтті.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапхананың қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер және шет тілдеріндегі оның шығармалары қойылған.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование