KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886532
2019 жылы:  20247
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.02.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматы қаласы - тарих шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Қаланың шежіресі жарқын оқиғаларға толы, ол Отанымыздың, қазақ халқының тарихымен, республикамыздың қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты.
   Іле Алатауының жасыл желек жамылған, көркем жазықта Іле, Қаратал Бүйен, Ақсу, Басқан, Лепсі және Сарқанд сияқты жеті өзенмен суарылып, қазақтардың ежелгі мекені – Алматының маңында әскери бекініс (Заилийское) салынып, кейіннен байтақ Жетісу өлкесінің орталығы 1867 жылы Верный қаласына айналды. Алматы аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық материалдар, жазба және нумизматикалық топтамалардың мазмұнына сүйене отырып, Алматы мұндай толыққанды орталыққа Х-ХI ғғ. айналғандықтан қаланың жасын 1000 жыл деп есептеуге толық негіз бар. Верный қаласы XIX-ғасырдың аяғында қоғамдық өмірдің орталығына айналып, ерлер мен әйелдер гимназиясы, орман шаруашылығы мектебі, бау-бақша училищесі болған. Бұл өлкеде Орталық Азияны зерттеуші П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Федченко және көптеген ғалымдар мен саяхатшылар тұрған. Бұл өлкеде әйгілі ғалым, географ, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлиханов жұмыс істеген.
   1921 жылы Верный қаласын Алма-Ата етіп өзгерту жөнінде шешім қабылданды. 1921 жылы болған ғаламат сел тасқыны қалаға елеулі зиян келтірді. Лайлы тасқын қаладағы тұрғын үй құрылыстарын қиратып, шаруашылық құрылыстарын, диірмен, темекі фабрикасын және т.б. бүлдірді. Бүкіл халықты апаттан бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге жұмылдырды. Қалада құрылыс өрістеп, жаңа кәсіпорындар шаңырақ көтерді, көбінің өндіріс қуаты ұлғайтылды. Алыс түкпірдегі қалашықтан ірі бақ-қалаға айналды.
   1936 жылдан Алма-Ата қаласы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болды. Сұрапыл соғыс жылдары көптеген белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлері жемісті еңбек етті. Соғыстан кейін ескі өндірістердің орнына жаңадан жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, машина жасау, металл өндеу алдынғы қатарға шықты.
   Алматы – жаңарған қала, республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Көптеген ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту мекемелері, жоғарғы, орта білім, кәсіптік-техникалық білім беру училищелер жүйесі дамыған.
   1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен астана Ақмола қаласына көшірілді, көп кешікпей қала атауы Астана деп өзгертілді. 1998 жылдың 1 шілдесінде «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы және өндірістік орталық деп танылады. Бүгінде Алматы талай тарихи шежіренің куәсі, ерекше гүлденген әсем қала. Бұл қалада әйгілі ғалымдар, сәулетшілер мен дәрігерлер, саясатшылар мен шежірешілер, кәсіпкерлер мен оқытушылар, жауынгер мен діни қайраткерлер тұрады.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Алматы қаласының көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихын жариялайтын еңбектер қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование