KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886542
2019 жылы:  20257
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.02.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ жазушысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеевтің 75 жасқа толуына арналған «Махаббат сезімдерінің мүсіншісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Бексұлтан Нұржекеев 1941 жылы 22 ақпанда Талдықорған облысы Октябрь ауданының Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, екі жыл «Көктал» қой кеңшарында жұмыс істеген. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген.
   1965-1968 ж. Талдықорған облысының Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1968-1969 ж. Панфилов аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы, 1969-1972 ж. Қазақстан ЛКЖО ОК-нің нұсқаушысы, 1972-1973 ж. «Жалын» альманахы проза бөлімінің меңгерушісі, 1973-1976 ж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, 1976-1986 ж. «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1986-1992 ж. «Парасат» журналының бас редакторы, 1992 ж. «Жалын» баспасының директоры. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
   Жазушының шығармашылығындағы қызықты әңгімелер өмір туралы, махаббат пен адалдық, туған өлке табиғаты, қазақтың ұлылығымен дәстүрі туралы  повестері оқырманның назарына ілікті. 1968 жылы «Жұлдыз» журналында жазушының ең алғашқы «Кінәлі махаббат» повесі жарияланды. Көпшілікке танымал романдары: «Ерлі-зайыптылар» − ерлі-зайыпты адамдардың отбасындағы және қоғамдағы өзара қарым-қатынастары туралы, «Күтумен кешкен ғұмыр» − сүйген жарын күтумен өткен әйел ғұмыры туралы. Адам тағдыры, махаббат пен құрмет жайлы баяндалатын «Жау жағадан алғанда» шығармасы жазушының қазақ халқының тарихын түбегейлі зерделеуі үшін зерттеу жұмысы болды.
   «Ой ұшқын» (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді ақындар жайлы және Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы  эсселері топтастырылған. «Өнер құдіреті» (2003) кітабы К.Бәйсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев және өнер қайраткерлерінің шығармашылық өмірі туралы.
   Жазушының «Мастанған мысық пен тұтқын тышқан», «Сыпайылық салтанаты», «Белбеу», «Жаңғақтар», «Кел ойналық! Жаяу аударыспақ» және т.б. балаларға арналған кітаптарын да жарыққа шығарды. Сонымен қатар, көркем аударма саласында да жемісті еңбек еткен. Жазушы Салтыков-Шедрин, Ги де Мопассан, Гильрмо Де Мелло, Ф.Бэкон, Акутава, Л.Кибера, Эллис Коми және т. б. жазушылардың көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

   Б.Нұржекеев − халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» (2000), «Парасат» (2008) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Б.Нұржекеевтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование