KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886505
2019 жылы:  20220
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2016
   2016 жылы 25 ақпанда Көрмелер залында «Ұлы Жібек Жолындағы қоңырау үні» атты ғылыми конференция өтті.
 
   Ұйымдастырушылар: «Әдебиет әлемі» орталығы, «Алматы қаласының сауда және инвестиция палатасы» ЖШС, ҚР Ұлттық кітапханасы.

   Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің 25-ші отырысында жариялаған «Жаңа Жібек жолы» атты ауқымды жобаны қолдау. Қазақстан мен Қытай елдері арасында мәдени-экономикалық, туризм саласындағы байланыстарды тереңдетуге, Қытайдағы қандастарымызбен қарым-қатынасты жақсартуға үлес қосу.
   Іс-шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі Мұратхан Шоқан жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Алматы қаласы сауда және инвестиция палатасының директоры Мұхтархан Бияров, ҚХР, Гансу өлкесі, Ақсай Қазақ автономиялы ауданы әкімінің орынбасары Қалибек Сұлтанұлы, осы ауданның Ұлттар басқармасының төрағасы Самет Қабылұлы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Уатқан, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттар басқармасының басшысы  Мамай Ахетов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Зейін Айдарбеков, ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбай, Жамбыл атындағы Жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлсім Сапақова, кәсіпкер, «Ригалит» компаниясының директоры Сейдолла Сәрсеков, кәсіпкер, «Алатау АвтоСпец Техника» компаниясының директоры Сабыржан Мұқамедхан, «Бектер» компаниясының директоры Асылбек Құсайынғазы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Аманжан Арзықұлов, Алматы қаласы Телекоммуникация машина жасау колледжінің директоры Алмасбек Нұғыман және т.б.

   Қатысушылар: ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Гансу өлкесі, Ақсай Қазақ автономиялы ауданы әкімдігінің өкілдері.
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование