KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886473
2019 жылы:  20188
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.02.2016

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында қазақ ақыны, халық айтыс өнерінің  классигі Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Қазақ жырының қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 
   Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында кедей, көшпелі-малшы отбасында, Жамбыл тауының етегінде (қазіргі Алматы облысы) дүниеге келді. Ол бала кезінен мектептің, сауаттылықтың не екенін білмей, байдың малын бағумен өтті. Кеміту, ұшы-қиыры жоқ жоқшылық бала жүрегінде ұмытылмастай сақталып қалды.
   Болашақ ақын атақты, елге әйгілі айтыс шебері Сүйінбай ақынның ортасында өсті. Жамбыл Жабаевтың ақындық өнерінде ол бірінші ұстазы болды. Бала кезінен-ақ ол домбыра үйреніп, өлеңмен, әнмен әуестенді. Орындау шеберлігі, суырып салма өнері, шешендігі, домбырада шебер ойнауы, айтыстағы қарсыластарына өткір өлеңдерімен тойтарыс көрсетуі Сүйінбайдың замандастарының жоғары бағасын алды.
   Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы − ауызша поэзияның заманауи сөз өнерімен біте қайнасуы. Оның шығармашылық бояуы мен айқын көрінісі осыдан байқалады. Ақынның тұңғыш өлеңдерінен, таңдамалы шығармалары кітабына ақынның айтыстарының мәтіндері енгізілді. Ақын халық поэзиясын өте жақсы көрді. Оның есінде көптеген дастандар, әндер, аңыздар сақталып қалды. Ол ақындардың жарқын айтыстарын бар ынтасымен тыңдайтын. Оның көз алдына халық эпостарындағы атақты батырлардың бейнесі мен туған жерінің көркем көрінісі елестейтін. Кейін ақын өзі «Сұраншы батыр» және «Өтеген батыр» атты тамаша батырлар эпосын жазады.
   Жамбыл Жабаев өзінің егде жасында да ұшқыр ойлы, тапқыр, жарқын болып қала берді. Ол күнделікті халқымен әңгімелесу үстінде ойын өлеңмен жеткізетін. Ол «1001 түн», «Шахнама», «Ләйлі және Мәжнүн», «Сұлтан Көрұғлы», «Қыз жібек», «Батыр Шора», «Қабанбай», «Сұраншы батыр» және т.б шығармалардың өзіндік нұсқасын жасады. Ежелгі шығыс халықтары мен қырғыздардың ерлік, батырлық эпостарын жатқа айтты. Мәселен, бір ғана «Көріғұлы» дастанын 15 күн жырлаған. Ақынға өткен замандағы ірі ақындар: Шөже, Бақтыбай, Жаныстың  және т.б өлеңдері, шығармалары үлкен ықпал етті. Олардан естіген жаттанды өлеңдер мен жырлар, әндер мен күйлер, ертегі мен дастандар ақынға сарқылмас шығармашылық бұлағындай болды. Барлығын ол тікелей өмірден үйренді.
   Ұлы Отан соғысы басталды деген суық хабарды естісімен Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өрендерім» атты патриоттық өлеңін Ленинград қаласының тұрғындары мен қаһарман қорғаушыларына арнады. Бұл өлең «Ленинградская правда» (1941) газетіне басылып және сол жылдардағы плакаттарға көбейтілді.
   1945 жылы 22 маусымда Жамбыл Жабаев қайтыс болды. 
   1949 жылы әдебиет пен өнердегі көрнекті шығармалары үшін ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Жамбыл Жабаев атындағы премиясын тағайындау туралы қаулысы қабылданды. Қазақстанда облысқа, қалаға, ауданға, филормонияға және мектептерге ақынның есімі берілді. Ақынның шығармалары бұрынғы КСРО және шет елдер халықтарының көптеген тілдеріне аударылды.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын Жамбыл Жабаевтың шығармалары және ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование