KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060436
2019 жылы:  125971
бүгiн:  255
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.03.2016
   2016 жылғы 3 наурызда Көрмелер залында Халықаралық әйелдер күніне орай КСРО кинематография саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әйелдер арасынан шыққан алғашқы киномеханик Рәпия Халықованың өмір жолына арналған «Рәпия» атты тәрбиелік-танымдық кітаптың тұсаукесері өтті.
 
   Кітапта бүгінгі күні сексеннің сеңгіріне келіп отырған, КСРО-ның «Құрмет Белгісі» және «Октябрь революциясы» ордендерінің кавалері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасының иегері, Жамбыл облысының құрметті киномеханигі, Қордай ауданының құрметті азаматы, елімізде ғана емес, Орта Азия аймағындағы тұңғыш әйел-киномеханик Рәпия Халықованың қызыл империя әкелген зұлмат аштықты, қасіретті қуғын-сүргін мен қайғылы соғыс тауқыметін жастай басынан өткізген өмір жолы, адами келбеті кеңінен әңгімеленіп, Қазақстан ғана емес, КСРО көлеміндегі басылымдарда жарық көрген жарияланымдар топтастырылған. Сонымен қатар, ардақты ананың кино саласындағы үзеңгілес болған әріптестерінің, достарының құттықтау естелік маржан - тілектері берілген.
   Туған халқына қалтқысыз еңбек еткен аяулы жанның ғұмыр жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге, кемел тәрбие. Ол жастарды өмірде өздері таңдаған мамандықтарын қадірлеп, аянбай еңбек ету керектігіне шақырады. Кітап қалың оқырманға арналған.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан «Ана өмір, Ана мейірім, Ана қамқор» атты кітап көрмесі және Рәпия Халықованың жеке мұрағатынан безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапхананың бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, театр қайраткері, Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев жүргізді.

    Іс-шара аясында режиссер Ораз Әбішевтің түсірген «Рәпия» атты деректі фильмі көрсетілді.
  Сөз сөйлегендер: Ә.Көпішев, Т.Кененова, Б.Нүсімбеков, С.Сматаев, Ғ.Тәшімбай, С.Кешуов, А.Қарақов, Р.Жәнібек, Е.Мұхитдинов және т.б.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, отбасы, жоғары оқу орындарының студенттері БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование