KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886506
2019 жылы:  20221
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2016
   2016 жылғы 25 ақпанда Көрмелер залында Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.
     
   Кәукен Кенжетаев – актер, әнші, режиссер. Қазақстанның халық әртісі. Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген. Белгілі режиссер Шәкен Аймановтың туған бауыры. 1950 жылы П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторисы). Қырық жылдан астам уақыт (1940-1979) Қазақ опера және балет театрының әншісі болды. Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайы»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан-Сара»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Кармен»), Князь Игорь (А.П.Бородиннің «Князь Игорь»), Руслан (М.И. Глинканың «Руслан мен Людмила») және т.б. партияларын орындады. К. Кенжетаев режиссер ретінде «Амангелді», «Алпамыс», П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», т.б. операларды қойды. 1957 жылдан кинофильмдерге түсті. Ол ойнаған фильмдер: «Біздің сүйікті дәрігер»,  «Ел басына күн туса», «Ән қанатында», «Таудағы шынар», «Қыз Жібек», «Боранды бекет» және т.б. отандық киноматографияның қазынасына енді. Кәукен Кенжетаев концерттік-орындаушылық өнерімен де халыққа жақсы танымал. Репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары (ариялар, романстар, әндер) бар. 1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс берді. КСРО Кинематографиясы одағының мүшесі болды (1976). «Тарлан» сыйлығының, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. 
   КСРО-ның Қазан Төңкерісі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қазақстан Республикасының «Парасат», «Отан» ордендерімен және медальдермен марапатталған.
 
  Кеш аясында Кәукен Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері және «Қазақ өнерінің майталманы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешке Қазақстанның халық әртісі Н.Ықтымбаев, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессорлары А.Құлбаев, М. Жүнісов, актер Б.Калымбетов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Тілеубекова, К.Кенжетаевтың қыздары Баян және Ғайни, дәстүрлі әншілер Ж.Мұсагали, А.Жаңабаев және т.б. қатысты. 
 
  
 
  
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование