KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886493
2019 жылы:  20208
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2016
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ ақыны Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Семей облысы Аягөз ауданында кедей отбасында дүниеге келген. Ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақта өмір сүріп, бар білімін ауыл молдасынан алады.
 
   2016 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қазылар алқасының шешімімен Қазақстандағы жалпыға бірдей оқу үшін жылдың бас кітабы болып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалды.
   Дулат Бабатайұлы − өлеңдері баспа әріптерімен басылып, кітап болып шыққан тұңғыш қазақ ақыны. Жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды.
   Д.Бабатайұлының тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазанда «Өсиетнама» деген атпен жарық көрді. Оған сексеннен астам өлең жолдары топтастырылды. Оның өлеңдерінде ақиқаттың көріністері айқын бейнеленген, қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесі жойылғаннан кейін, билікке сұлтандар мен билердің келуі, сол кездегі қазақ елінің әлеуметтік өмірі суреттелген. Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» және т.б. шығармаларында халықтың ауыр тұрмысы мен байлардың көрсеткен зорлық-зомбылықтарын баяндайды. «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» деген өлеңдерінде патшалық шенеуліктердің әрекетін сынға алып, айыптарын әшкерелейді.
   Дулат Бабатайұлы қазақ поэзиясындағы өлең құрылысының жаңа жүйесін, яғни «а а а б» ұйқасын енгізді. Бұл ұйқасты Абай қабылдап, шығармаларында дамытып, жалғастырды. Абай ұстазының өлеңдерін мұқият зерделеп, оның сарынын қолданды.
   Ақын 1874 жылы қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ақын Дулат Бабатайұлының өмірі мен қызметі туралы материалдар және оның шығармалары ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
 
              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование