KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886469
2019 жылы:  20184
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2016
   ҚР Ұлттық кітапханасы 2016 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне және Алғыс айту күніне арналған, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізген «Менің Қазақстаным» фестивалі аясында «Бір халық, бір ел, бір отбасы» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
 
   2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен жаңа мейрам − Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз күні − Алғыс айту күні болып белгіленді.

   Бұл күн – қуғын-сүргін, жер аудару жылдарында біздің халқымыз көрсеткендей мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсетуге дайын болатын рухани дәстүрлердің күні. Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Жүзден астам ұлыстардың әрқайсысының өздеріне тиесілі бірегей ерекшеліктері бар және біздің біртұтас ұлтымызға теңдессіз басымдылық береді.
   Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
   Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет мерекелейді.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Қазақстан халқының тарихы мен мәдени мұрасын, ұлт тұтастығын бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. 

 
  
 
  
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование