KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886507
2019 жылы:  20222
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.03.2016
   2016 жылғы 1 наурызда Үлкен залда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында «Біз бір халықпыз, бір мемлекетпіз» атты кітапты сыйға тарту акциясы және концерттік бағдарлама өтті.
 
   Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет атап өтуде. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
 
   Мерекелеу мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің принциптерін бекіту.
 
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, академик, э.ғ.д., профессор, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Тінәсіл Мұхтар Донбайұлы сөз сөйледі.
 
   Іс-шара аясында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның жеке мұрағатынан қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 1500 дана кітап сыйға тартылды. Сонымен қатар, қоғам қайраткері, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов 300-ден аса және ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау коммиссиясының мүшесі, ҚМЭБИ-ның бөлім бастығы, философия ғылымдарының докторы Нүрилә Шаханова жеке коллекциясынан кітапхана қорына 520 дана сирек кездесетін құнды кітаптар тарту етті.
 
   Ұлттық кітапхана өз айырбастау-резерв қорынан С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне, ҚР Ұлттық гвардиясының 3650-ші әскери бөліміне, Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасына, Ғылым ордасының Ғылыми кітапханасына, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасына 222 дана кітаптарды сыйға тарту етті. Іс-шара профессор, әнші, «Айгүл» ансамблінің іргетасын қалаушы Ағайша Исағұлованың шығармашылық ән кешіне ұласты.
 
    
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование