KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886468
2019 жылы:  20183
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2016
   2016 жылғы 4 наурызда Көрмелер залында кәсіби дипломат, елші, арабист, экономист, ұлт жанашыры Болатхан Құлжанұлы Тайжанның 75 жылдығына орай еске алу кеші және кітап көрмесі өтті.
 
   Болатхан Тайжан (1941-2007) - мемлекет қайраткері, дипломат. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1966 ж.) және КСРО ҒА жанындағы Мәскеу халықаралық экономикалық қатынастар институтының аспирантурасын (1970 ж.) бітірген. 1970-1974 ж. Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974-1975 ж. Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрлігінде бас хатшы, 1975-1980 ж. Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы, 1980-1985 ж. Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, 1985-1989 ж.   Йемен   Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші, 1989-1993 ж. Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, ҚР сыртқы экономикалық қатынастар министрінің 1-орынбасары,1993-1999 ж. Қазақстанның Мысырдағы және қосымша Марокко, Тунис, Алжир, Иордания, Сирия, Ливия елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, 1996-1999 ж. Ислам Конференциясы ұйымындағы ҚР-ның тұрақты өкілі, 1999-2001 ж. Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 2003-2005 ж. «Нұр Отан» партиясы төрағасының кеңесшісі, 2005 жылдан өмірінің соңына дейін ұлттық-патриоттық «Ұлт тағдыры – ел тағдыры» қозғалысының төрағасы болды.
 
   Б.Тайжан Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды және зиялы қазақ азаматы ретінде елдегі қоғамдық қозғалыстарға белсене араласты. Ол көптеген мақалалардың авторы.
 
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, экономика ғылымдарының кандидаты, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан жүргізді.
 
   Іс-шара аясында Болатхан Тайжанның жеке мұрағатынан қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 1500 дана кітап  кітапхана қорына сыйға тартылды.
 
   Сөз сөйлегендер: Ә.Қосанов, С.Абдилдин, С.Сматаев, А.Тайжанова және т.б.
 
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.
 
  
 
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование