KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886536
2019 жылы:  20251
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.03.2016
   Әлем әдебиетінің оқу залында Чарльз Диккенстің «Лавка древностей» романының 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Чарльз Диккенс – ағылшын жазушысы, романист және очеркист 1812 жылғы ақпан айында Портсмут – Лэндпорте қаласының маңында дүниеге келді. Ол атақты ағылшын тілді жазушы және әлем әдебиетінің классигі, ХХІ ғасырдың танымал прозаиктерінің бірі. Көпбалалы отбасында дүниеге келген ол ерте жасынан бастап өзі өмір сүрген қоғамдағы адамдардың әлеуметтік қажеттілігін және кедейлікті өткерді. Жазушының автобиографиялық сипаттағы романдарындағы кейіпкерлердің ауыр тағдыры және кедей адамдар өмірін шынайы суреттеуі оның замандастарын таң қалдырды. Ч. Диккенстің әйгілі романдары: «Посмертные записки Пиквикского клуба», «Оливер Твист», «Дэвид Копперфильд», «Большие надежды», «Повесть о двух городах». Диккенстің ертеректе көрген қиыншылықтары оның балаларға деген қызығушылығын тудырды. Жазушының бірде-бір кітабы балалардың қатысуынсыз жазылмаған және көпшілігінде басты кейіпкері балалар болып табылады.
   Ч.Диккенстің «Лавка древностей» атты романы 1840-1840 ж. шыққан. «Лавка древностей» - жазушыға үлкен жетістік әкелген тартымды романдарының бірі. Сонымен қатар, ол көптеген фильмдер мен телесериалдарға негіз болған автордың ең көркем және таңдаулы романы. Роман қоршаған ортаның үйлесімсіздігін - біреулер үшін жайлылық пен басқалар үшін үңгірлік өмір сүрушілік арасындағы айырмашылықты тойтаратын өзекті кітап ретінде қабылданады. Сондықтан бұл роман оқырман жүрегіне жол тапты. Түсініксіз заттар, түсініксіз адамдар мен оғаш қатынастар туралы роман, реализм белгілері халықтық және әдеби ертегі сарынымен шырмалған жұмбақ, фантастикалық оқиға. Мұнда гротеск те және көңілсіз сыр мен түнерген бүкпеге толы реңкі бар. «Лавка древностей» романының стилистикалық әрқилылығы оны ғажайып шығармаға айналдырды. Шығармадағы басты кейіпкер, кішкентай және әсерлі Неллдің жолында кездескен кедергілер мен бақытсыздықты ересек адамдарша жеңіп шығуы, өзінің ортасына деген махаббаты мен ішкі жан дүниесіндегі рухани қасиеттерді сақтап қалуы оқырман қауымға барынша әсер етеді.
   Роман оқиғасы Диккенстің көркем өнерінің биігіне айналды. Сентиминтализмнің үздік дәстүрлері бағытында жазылған  қайғылы және әсерлі туынды. Оқиғаның қызықты фабуласы, кей кездерде шиеленісуі жағынан детективке барабар шығарма, адами іс-әрекет пен психологияның талдануы, жеке адамдар мен бүкіл әлемдегі жақсылық пен жамандықтың күресі, мысқыл мен әзіл –  Диккенс шығармашылығының  осы ерекшеліктері романда ерекше айқын көрінеді.
 
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың қорынан әр жылдары шыққан әлем тілдерінде жазылған Ч.Диккенстің «Лавка древностей» романы, сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер ұсынылған.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование