KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886495
2019 жылы:  20210
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.03.2016

   2016 жылғы 18 наурызда Көрмелер залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Роза Бердіғалиеваны  еске алу кеші мен «Мен артымда із қалдырғым келеді» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

   Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (1945-2015ж.) - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Еуразия Кітапханалық Қауымдастығының (ТМД) алғашқы сайланған президенті, Қазақстан Республикасының Кітапханалар қауымдастығының президенті, Халықаралық Азия мен Океания елдерінің кітапханалық қауымдастығы мен мекемелерінің федерациясы Тұрақты Аймақтық Комитетінің мүшесі, кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның кітапханалық қоғамдастығының көшбасшысы. 35 жылдан аса республикалық кітапханаларды - Республикалық Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасын басқарды.

   «Мен артымда із қалдырғым келеді» атты естелік кітапта әріптестері, достары, туысқандары мен балаларының естеліктері енген. Роза Аманғалиқызының ерен еңбегі, кәсіби және адами қасиеттері туралы естеліктер ерекше ықыласпен, құрметпен және жылылықпен жазылған.
    Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

   Іс-шара аясында  Ұлттық кітапхана қорынан Роза Бердіғалиеваның өмірі мен қызметіне арналған «Әлем таныған кітапханашы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, ҚР мәдениет қайраткері Л.Д.Дегитаева жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: әріптестері Ж.Әубакирова, Н.Мұқанова, Ғ.Сейітова және т.б.

   Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және келген қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жанұясы, кітапханашылар, БАҚ өкілдері.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование