KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060402
2019 жылы:  125937
бүгiн:  221
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.03.2016
   «Өнер» бөлімінің оқу залында күйші-домбырашы, дирижер, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаршыға (Қаршымбай) Ахмедияровтың (1946-2010) 70 жылдығына арналған «Ғасырдың күйшісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Қ.Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы) халық аспаптар факультетін (Қ.Д. Мұхитовтың класы бойынша) бітірді. 1986-1988 жылдар аралығында Мәскеу қаласында Жоғары дирижерлық курста оқыды. 1967-1994 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды, әрі Көркемдік кеңестің мүшесі болды. Ахмедияровтың репертуарында халық және кәсіби композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар.
   1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен (1991 жылдан домбыра кафедрасының меңгерушісі, 1994 жылдан - профессор) шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Оның өңдеуімен халық композиторларының және қазіргі кәсіби композиторлардың шығармалары концерттерде орындалып жүр.
   Қ.Ахмедияров - «Шашақты найза, шалқар күй» (1983), «Шынар» (1999), «Табыну», (2000) т.б. күйлер жинағы кітаптарының, 50-ден аса күйлердің авторы, оның ішінде ең танымалы - «Нарын», «Қуаныш», «Ак қайың», «Желдірме», «Сағыныш». Ол гастрольдік сапармен қазақтың халық аспаптар оркестрімен бірге шетелдерде: Болгария (1967), Венгрия (1969), Финляндия (1971, 1980), Франции (1972,1975), Польша (1973), Чехословакия (1974), Италия (1976), Үндістан (1976), Йемен (1978), Ангола (1979), Португалия (1979), Жапония (1979), Югославия (1980), АҚШ (1981), Куба (1982) и Филиппин (1983) елдерінде болды. Шынында Ахмедияровты қазақ күйлерін орындау өнерімен дүние жүзін таныстырушы орындаушы деп атауға болады.
   Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1982). ҚР «Парасат» орденімен марапатталған.
 
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімдік басылымдар қорынан Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
 
   Кітап көрмесіне келіңіздер!

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование